76 жастағы Алматы облысы Көксу ауылының тұрғыны кір тасын көтеруден әлемдік рекорд жасаған Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы www.egemen.kzтілшісі хабарлады.
Ол Ресейдің Архангельск қаласында өткен жарыста Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында жарты сағатта 10 килолық кір тасын 750 рет тоқтамай көтеріп, жұртшылықтың назарын өзіне аудартқан. Осыдан кейін комиссия мүшелері 76 жастағы қарияны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу туралы шешім қабылдаған. Ақсақалдың айтуынша, оның жарыста кір тасын бұдан да көп рет көтеруге мүмкіндігі болған. Дегенмен,рекорд жасау үшін 750-ге жеткізу ғана жеткілікті болған екен.
Бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен 400-ден астам кір тасын көтерушілер қатысыпты. Ал біздің елден жарыста Әмірбай Рысқұловтан басқа тағы 4 адам бақтарын сынса, соның ішінде Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд орнатыпты. Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының алтын жүлдесі.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: www.kazsports.kz