• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қаңтар, 2021

23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантин шектеуі күшейтіледі

195 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Осы және басқа да шектеулер 23 қаңтар күні сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы Saryarqa YouTube-арнасында өткен брифингіде өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.

«Осы жылдың қаңтар айында өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 44%-ға немесе өткен айдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе өсуі байқалады. 18 қаңтардан бастап Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді. Осыған байланысты бірқатар шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылданды», деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

ХҚКО, банк және «Қазпошта» бөлімшелерінің жұмысы 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады. Олар алдын-ала жазылу бойынша (әлеуметтік қашықты, маска режимін, термометрияны сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып) жұмыс істейді . Қызметкерлер саны 15 және одан да көп ұйымдар штатының 60% қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шарары өткізілмейді. Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді. Мәдениет нысандарының қызметі толымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады. Дайындық тек 30 адамнан аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады. Кинотеатрлар көрермендермен толығуы 20%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады (30 адамға дейін). 65 жастан асқан адамдарға аса қажет болмаса тысқа шығу шектелді.

Жексенбіде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базар, сауна, монша, СПА орталық, массаж салоны, ОСО, СҮ, ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда желілерінде азық-түлік супермаркеті, дәріхана, сән салоны мен химиялық тазарту орындарынан басқаларының қызметі тоқтатылады. Жұмыс күндері сауна, монша, СПА және массаж салоны 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сенбі және жексенбі күндері облысішілік қалааралық тұрақты жолаушылар тасымалының қозғалысы тоқтатылады: Қарағанды-Теміртау - Қарағанды, Қарағанды - Саран - Қарағанды, Қарағанды - Абай - Қарағанды, Қарағанды - Шахтинск - Қарағанды, Қарағанды - Шақан - Қарағанды, Қарағанды - Топар-Қарағанды. «Коронавирустың алдын-алу көбінесе өзімізге байланысты.

Масканы киіп жүру екі, тіпті үш есеге дейін аурудың алдын алу мүмкіндігін арттырады. Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз осы індетпен күресте, оның ішінде біздің өміріміз үшін, туыстарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресте нәтижеге қол жеткізе аламыз», - деді Юрий Залыгин облыс тұрғындарына.