ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 376 қашықтықта болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz
19 қаңтарда Алматы уақытымен 18 сағат 32 минутта қаладан 376 шақырым қашықтықта оңтүстікке қарай Қытай аумағында жер сілкінген. Энергетикалық класы 9,6. MPV тербелісі 4.0. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.