Германия билігі қатаң карантиндік шараларды ақпан айының ортасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель федералды штаттардың басшыларымен келіссөздерден кейін мәлімдеді.
«Біз сақтық шараларын 14 ақпанға дейін ұзартуымыз керек», - деді ол.
Сондай-ақ, Германия тұрғындарына қоғамдық көліктерде және дүкендерде тек медициналық маска немесе респиратор киюге бұйрық беріледі. Осы уақытқа дейін шүберек маска киюге немесе мұрын мен ауызды шарфпен жауып тұруға болатын еді.