• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Ұлт денсаулығының тірегі – ғылыми медицина

1530 рет
көрсетілді

Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізудің негізгі тұжырымы ретінде ұсынылған «Қазақстан-2050» Стратегиясының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – қазіргі заманғы және тиімділігі жоғары денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мұнда денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін қоғамдық денсаулық сақтаудың барлық деңгейіне тиімді менеджмент енгізу, соның ішінде жаңа медициналық технологияларды жасау мен практикаға ендіру талап етіледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының кепілдемесіне сәйкес, денсаулық сақтау саласына тап осындай  жоғары сапалы ғылыми-зерттеулер мен инновацияларды енгізу тұрғындардың ұлттық деңгейдегі де, ғаламдық ауқымдағы да денсаулық жағдайларын жақсартуға бағытталуы тиіс.

Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізудің негізгі тұжырымы ретінде ұсынылған «Қазақстан-2050» Стратегиясының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – қазіргі заманғы және тиімділігі жоғары денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мұнда денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін қоғамдық денсаулық сақтаудың барлық деңгейіне тиімді менеджмент енгізу, соның ішінде жаңа медициналық технологияларды жасау мен практикаға ендіру талап етіледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының кепілдемесіне сәйкес, денсаулық сақтау саласына тап осындай  жоғары сапалы ғылыми-зерттеулер мен инновацияларды енгізу тұрғындардың ұлттық деңгейдегі де, ғаламдық ауқымдағы да денсаулық жағдайларын жақсартуға бағытталуы тиіс.

Қазіргі таңда «Қазақстан-2030» Стратегиясының табысты жүзеге асқанына және еліміздің іс жү­зінде әлемдегі барынша бәсе­кеге қабілетті 50 мемлекеттің қата­­­рына қосылу міндетін орындап қой­ғанына қарамастан, респуб­лика Бүкіләлемдік экономикалық форумның рейтингісінде, тұтастай алғанда, ғылым саласы бойынша, соның ішінде медицина ғылымның көптеген көрсеткіштері жөнінде алдыңғы қатарлы елдердің деңгейінен көп артта қалып, жаһандық беделбаға өлшемінде 51-орынға тұрақтады.  Испанияның SCImago Lab зерттеу орталығының Scopus мәліметтер базасындағы жоғары импакт-факторы бар рейтингілі рецензияланған журналдарында жарияланған ғылыми жұмыстар бойынша құрастырған рейтингіне сәйкес, медициналық мамандықтар бойынша қазақстандық авторлардың тұтастай және жекелей алғанда, 2012 жылғы үлес салмағы бар болғаны тиісінше 0,026 (елдердің жалпыәлемдік рейтингісінде 92-орын) және 0,0064 (134-орын) пайызды құрады. Қазақстан ғалымдарының медицина мамандықтары бойынша ғылыми журналдарда жарияланған жұмыстарынан дәйектеме алушы­лықтың тұтастай және жекелей алғандағы үлес салмағы бұдан да төмен. Олар тиісінше 0,011 және 0,0031  пайызға тең.

Жоғарыдағы көрсеткіштерден Қазақстан зерттеушілерінің денсау­лық сақтау саласындағы зерттеу еңбектерінің жариялануы мен олардан дәйектемелер алынуы ғылымның еліміздегі дамуының тұтастай алған­дағы деңгейінен әлдеқайда төмен екендігі анық байқалады. Соңғы жылдары қазақстандық авторлардың шетелдер басылымдарында жарық көрген еңбектері жалпы көлемінің бар болғаны 5-6 пайызы ғана дәрігер ғалымдардың үлесіне тиеді екен. Ал әлемдегі жетекші елдердің бұл жөніндегі көрсеткіштері ғылыми барлық жарияланымдардың 25-30 пайызы маңайында. Айталық, ол АҚШ-та – 28,3, Ұлыбританияда – 29, Жапонияда – 24,3, Германияда 25,5 пайызды құрайды. Әлемдегі ең беделді ғылыми метрикалық көрсеткіштерінің бірі Н-индекс (Н дәйектемесін алған (Н) мақалалар саны) өлшемі бойынша Қазақстан соңғы 15 жылда Барбадос пен Бениннің ортасындағы 112-орынға жайғасқан. Ұлттық медицина ғылы­мын қаржыландырудың қазіргі онсыз да жеткіліксіз жағдайында біздің беделді халықаралық басылымдарда жарық көріп жүрген бір жариялануымыздың салыстырмалы түрдегі «өзіндік құны» мейлінше жоғары болып тұр. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ғаламдық рей­тингіде 134-орынға табан тіреп, бұрынғы кеңестік республикалардың барлығының соңында қалып қойған. Зерттеулердің саны әрбір 1 миллион адамға шаққандағы көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингіде 68-орында (637,3 зерттеуші / млн. тұрғын) тұрғанына қарамастан, Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы бір зерттеуші еңбегінің өнімділігі бойынша өте төменгі орында. Былайша айтқанда, бізде 87 ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық кадрға (ғылыми-зерттеу институты, ғылыми орталық және медициналық жоғары орталық мекемелері)  халықаралық танымал басылымдарда жарық көр­ген бір мақаладан ғана келеді.  Ал ғаламдық ауқымдағы көшбастаушы елдерде бұл инновациялық индекс көрсеткіші бұдан 20-25 есе аз. Айталық, Сингапурда 3,6 белсенді ғылым зерттеушісіне халықаралық танымал басылымдарда жарық көрген бір мақаладан келсе, ол Германия мен Францияда – 3,5, Жапонияда –  9,2, Қытайда 13,2 көрсеткіштерін көрсетеді.

Еліміздегі денсаулық сақтау саласы бойынша жылына 2500-3000 ғылыми мақала жариялап тұратын 40-тан астам ғылыми тәжірибелік журналдың бірде-бірі әлемдегі беделді халықаралық ғылыми басылымдар (Scopus, Web of Knowlebge, Springer) қатарына кірмейді. Тек бірлі-жарым журналдарымыз ғана басқа аймақтық мәліметтер базасында (Ресей ғылыми дәйектеме индексі және басқалары) индекстеліп, мақалаларын ағылшын тілінде жариялай алады. Сөйтіп, Қазақстанның медицина ғылымы қазіргі таңда көп жағдайда әлемдік ғылыми қауымдастық үшін әлі жабық күйінде қалып тұр. Ғылыми зерттеулер мен оларды талдап жасау нәтижелерінің басты көрсеткіштерінің бірі патенттік белсенділіктен танылады. Әлем елдерінің 1 млн. адамға шақ­қандағы патенттік көрсеткіштері бойынша Қазақстан тағы да көштің соңында шаң беріп келеді. Оның біздегі көрсеткіші 0,13 өлшемі болса, әлемнің технологиялық жағынан дамыған жетекші елдерінде ол 200-ден де асып түседі. Мәселен, бұл АҚШ-та – 359, Швейцарияда – 505, Жапонияда 1274 өлшем бірлігіне сай. Қазақстан сол сияқты тұрғындардың өнертапқыштық белсенділігі бойынша  Ресейден 12 есеге қалып қойып, қазір шамамен Доминикан мен Перу елдерінің (0,15 және 0,14) маңайына орналасқан.

Осы тұжырымдардан байқал­ғандай, бүгінде Қазақстан медици­насы ғылымының бәсекеге қабілет­тілік деңгейі айтарлықтай төмен. Мұның ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілердің әлеуеттерінің төмен­дігі, ғылыми ұйымның материал­дық-техникалық базасының нашар­лығы және медицина ғылымын қаржы­ландырудың жетімсіздігі сияқты бірнеше объективті себептері бар. Біз ұлттық ғылымды қаржыландырудың ұлттық ішкі жалпы өнімге қатысы (жалпы ішкі өнімнің 0,15 пайыздан 0,26 пайызға дейінгі аралығында жүр) бойынша жаһандық рейтингіде 78-орындамыз. Ал бұл көрсеткіш бойынша жоғары дамыған елдер бізден 10-20 есеге биікте. Қазақстанда ұлттық ғылымды дамытуға жоғарыдағыдай көңіл бөлініп жатқанда, медицина ғылымының мұндағы жай-күйі бұдан да нашар екенін айтуға тиіспіз. Бұл үшін медицина ғылымы үшін бөлініп келе жатқан қаржының жалпы ішкі өнімнің небәрі 0,006 пайызын ғана құрайтынын айтсақ та жеткілікті. Осы аралықта бұл көрсеткіштің АҚШ секілді жетекші елдерде 0,22 пайыз деңгейінде екенін тілге тиек етсек, арадағы алшақтықтың қаншалықты ауқымда екенін пайымдау қиын емес. Жоғарыдағы тұжырымдардың барлығы, тұтастай алғанда, біздің ұлттық ғылымда, соның ішінде медицина ғылымы саласында кейінге қалдыруды күтпейтін маңызды да өзекті шаралардың өте көп екендігін көрсетеді.

Ендеше, қазіргі ғылыми меди­циналық зерттеулер сапасының тө­мендігі мен отандық ғалымдар жаса­ған жұмыстардың бәсекеге қабі­летсіздігі жағдайында мемлекет тарапынан салаға қолдау мен қамқорлық ауадай қажет болып тұр. Ендігі жерде тым кешеуілдете бермей, еліміздегі медицина ғылымын одан әрі жаңғыртудың нақты қа­дамдары қолға алынуы керек деп есептейміз. Бұған қазіргі заманғы менеджмент пен халықаралық стан­дарттар енгізу, ғылыми меди­ци­налық инфрақұрылымды дамыту мен медицина ғылымының кадрлық әлеуетін көтеру, медицина білімі мен ғылымын интеграциялық жағынан қамтамасыз ету және ғылыми жаңалықтар транс­ферттерін денсаулық сақтаудың практикасына енгізудің тиімді жүйесін қалып­тастыру сияқты міндеттер жатады. Тап осы ғылымның барлық сала­сы мен ғылыми зерттеудің әр­бір кезеңдеріне тиімді менеджмент енгізу, инфрақұрылымды қа­лыптастыру мен дамыту, кадр­лар даярлау сияқ­ты басқа барлық салалардың табысты дамуының негізгі және бірінші кезектегі мін­деттері болып табылады. Атал­мыш салада нақтылы іс-шаралардың болмауы Қазақстан медицина ғылы­мының практикалық денсаулық сақтау саласына мүлдем керек болмай қалуы, осы арқылы шетелдік ғалымдардың жаңа медициналық технология­ларына ұдайы тәуелділік орнауы сияқты қауіптерді төндіріп тұр. Осы қалыптасып отырған жағдайды шешу үшін 2013 жылғы 23 тамызда Қазақ­стан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №485 санды «Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамытудың тұжы­рымдасы» бекітілді. Аталмыш стра­тегиялық құжат медицина ғы­лымының таяу жылдардағы негізгі мақсаттарын, міндеттері мен даму қағидаттарын анықтап берді. Онда отандық меди­циналық ғылымның 2020 жыл­ға дейінгі дамуының негізгі мақ­саттарының бірі ретінде отандық медицина жә­не фармацевтік ғылым саласында бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізіп, олардың негізінде алдыңғы қатарлы медициналық технология­лар мен инновацияларды енгізу, осы арқылы Қазақстан халқының денсаулығын сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету атап көрсетілді.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру төмендегі қағидаттарға негізделеді: денсаулық сақтау саласында ғылыми және инновациялық іс-әрекетке нақты қолдау көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру; денсаулық сақтау саласындағы медициналық, фармацевтік ғылыми және инновация жүйесі институтының әлеуетін дамыту, ғылыми ұйымның, зерттеу ұжымдарының және жекелеген зерттеушілердің әлеуетін арттыру; отандық денсаулық сақтау саласының сұранысына болжам жасау негізінде саланың ғылыми және инновациялық дамуының басымдылықтарын қалып­тастыру; барлық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының инновацияларды қабылдау қабілеттілігін дамыту; медициналық және фармацевтік ғылымдардың бәсекелік ортасын дамыту; денсаулық сақтау сала­сының ғылыми инновациялық секторын отандық және шетелдік инвесторлардың инвестиция әкелу тартымдылығы деңгейін көтеру; отандық медициналық және фар­мацевтік ғылымның әлемдік зерттеу кеңістігіндегі интеграциясы; ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың барынша жоғары халықаралық стандарттар тиімділігіне баға берудегі бағыттары; «идея-зертхана-клиника»  тұтас инновациялық шеңберін қамтамасыз ететін трансляциялық зерттеулерді дамыту.

Тұжырымдаманың бірінші ке­зектегі және шешуші міндеттерінің қатарына барлық деңгейдегі ғы­лыми-инновациялық үдерісті тиімді технология жолымен дамыту менеджментін жетілдіру, ғылыми және инновациялық іс-қимылды тиімді дамыту, ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын енгізу, денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми және инновациялық іс-қимылдарды қаржыландыру жатады. Осымен бір мезгілде, аталмыш саладағы тиімді шаралар өкілетті органның желісінде де, медициналық ғылыми және ғы­лыми ұжымдарда да қабылданатын болуы тиіс.

Ғылым саласын басқарудың қа­зіргі заманғы қағидаттары мен тиімді тетіктерін өкілетті орган – Денсаулық сақтау министрлігі дең­гейінде ғы­лы­ми-зерттеу жұмыс­тарының нәти­желерінің біртұтас индикаторларын, ғылыми ұйымдардың рейтингілік бағалары жүйесін ен­гізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер басыңқылығын таңдау, денсаулық сақтау саласында биомедициналық зерттеулер мен талдауларды қа­да­­ғалау мен мониторинг үшін ғылыми зерттеу­лер мен тәжірибе-конструкторлық талдаулар ұлттық обсерваториясын жасау арқылы жүзеге асыру ұсы­нылады. Бұдан бөлек, жалпыға міндетті клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізу, жалпы міндетті этикалық сараптамаларды дамыту және орталық, аумақтық этикалық комиссияларды дамыту үшін ғылыми ұйымдар мен денсаулық ұйымдарын аккредитизациялау процедурасын енгізу бөлігінің ғылыми саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет. Мұнда медицина ғылымы саласына арнайы дайындық бағдарламалары, қайта даярлау және басқарушылар біліктілігін арттыру бағдарламаларын енгізетін кәсіби менеджерлер институтын енгізуді дамыту айрықша рөл атқарады.

Өкінішке орай, біздің ғылымымыз «нарықтық» сана-сезімнен әлі де едәуір қашықта жатыр. Ғылыми ұйымдардағы жетекшілер мен ғы­лыми қызметкерлердің өзінің ба­сым көпшілігі медицина ғылы­мын­дағы жағдайдың жақсаруын мемлекеттік қаржыландырудың ұлғаюымен және ғылымды мемлекет тарапынан қолдаудың күшеюімен байланыстыра қарастырады. Олардың ұғымында ғылыми ортада бәсекеге қабілеттілікті арттырудың нарықтық тетіктерін зерттеуді материалдық ынталандырудың икемдік пішіндері, басқарудың тиімді қағидаттарын қолдану және еңбекке ақы төлеудің дербестендірілген дифференциялды жүйесін енгізе отырып, жекелеген ғылыми жоба деңгейінде және ғылыми ұйымдастыру деңгейінде жасау барынша кейінгі кезектерге қалып қойып жатады.

Ғылыми зерттеулерді ғылыми ұйымдар – ғылыми орталықтар ғылыми-зерттеу орталықтары және медициналық жоғары оқу орындары деңгейінде басқарудың қазіргі заманғы және тиімді тетіктерін одан әрі дамытуға байланысты жұмыстарға халықаралық стандарттар мен талаптарды, қазіргі заманғы менеджмент пен ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тиімді пішіндерін енгізу жөніндегі шаралардың кешенін іске қосу керек. Бұл үшін зерттеу зертханаларында халықаралық сапа стандартына және GLP талаптарына сай аттестаттаудан өткізу практикасы қамтамасыз етіліп, коммерцилизация офистері, ғылыми зерттеулерді қарайтын менеджмент пен тәсілдемелерді қамтамасыз ететін бөлімшелер құрылуы керек. Осының санатында ғылыми инновацияның баламалы көздерін тарту тетіктерін кеңейткен жөн. Бұған елдегі мемлекеттік – жеке мен­шік әріптестікті делдал ретінде пайдаланып, ғылыми зерттеулерді қаржыландырып тұруға болады.

Ғылыми ұжымдар мен ғылы­ми бөлімшелер деңгейіндегі менед­жментті жетілдіру барлық деңгейдегі ғылыми зерттеулердің жобалық менеджмент пен ғылыми зерттеулер халықаралық стандарттары (Good Clinical Practice, Good Laboratory Practice, Quality Practice in Basic Biomedical Research тағы басқалар) қағидаттары арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

2016 жылға дейінгі тұжы­рым­дамаға сәйкес жұмысты жүзеге асыру шеңберінде барлық деңгейдегі ғылыми инновациялық үдерістер менеджменттерін жетілдіру қам­та­масыз етіліп, ғылыми және инно­вациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыми кадрларды даярлау мен интеграция үшін жағдай қалыптастыру сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

2017 жылдан басталатын екін­ші кезеңде денсаулық сақтау сала­сындағы ғылыми талдаулар мен инновациялардың бәсекеге қабі­леттілігін арттыру мен сапасын жақ­сартудың шаралары қабыл­данатын болады. Бұл Қазақ­стан­ның медициналық және фарма­цевтік ғылымын әлемдік зерттеу кеңіс­тігіндегі интеграциясын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған ғылым мен инновациясының инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық база мен медицина ғылыми ұйымдарының кадрлық әлеуетін арттыру, сондай-ақ, ғылыми талдамалар мен инновацияларды практикалық денсаулық сақтау саласы мен әлемдік зерттеу кеңістігіне енгізудің тиімді жүйесін қалыптастыру отандық зерттеушілер мен ғылыми ұйымдардың, ғылыми зерттеулердің әлемдегі жоғары дамыған елдердің көрсеткішіне жа­қындата түсуге ықпалды етіп, Қазақ­стан денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарттарын жасап береді. Сөйтіп, біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде одан әрі таныла беруіне кеңінен жол ашады.

Виталий КОЙКОВ,

Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық денсаулықты дамыту орталығы» РМК ғылыми зерттеулер, сараптама және инновациялық іс-әрекет орталығының жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар