• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

Жасампаздық жолдауының жемісті жылдығы

316 рет
көрсетілді

«Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз».

Бұл сөздердің айтылғанына дәл бүгін дәл бір жыл толып отыр. 2012 жыл­дың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аталатын тарихи Жолдауын жария еткен еді.

Иә, Елбасымыздың мемлекеттің қалыптасу кезеңі табысты аяқталғанын, «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалғанын мәлімдеп, жаңа, аса биік межені алға тартқан – «Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп ұлы мақсатымызды айқындаған бұл Жолдауы – тарихи құжат. «Егемен Қазақстан» газеті Тәуелсіздік тойының қарсаңында «Қазақстан-2050» Стратегиясының алғашқы жылдығына айқарма бет арнап отыр. 

Осыдан дәл бір жыл бұрын Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жария еткен еді

Бірінші белестің бергендері

«Адамның санасы не нәрсеге сенсе, адам соған қол жеткізе алады» дейді әлемдегі бай адамдардың өмірдегі жетістіктерін зерттеген жазушы Наполеон Хилл. Бұл қағиданы сәл өзгертіп: «Қазақстандықтар болашағына сенсе, соған қол жеткізе алады», десек ше? Елбасының бастамасымен еліміз әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат етіп қойды. Мақсатқа жету үшін, ең алдымен оған деген сенім керек. Сол сенімнің қазақстандықтардың бойынан қалай көрініс тапқанын бағамдаймыз десек, «Қазақстан-2050» Стратегиясының алғашқы жылының жарқын жетіс­тіктері­не үңілуімізге болады.

«Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз».

 Бұл сөздердің айтылғанына дәл бүгін дәл бір жыл толып отыр. 2012 жыл­дың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аталатын тарихи Жолдауын жария еткен еді.

 Иә, Елбасымыздың мемлекеттің қалыптасу кезеңі табысты аяқталғанын, «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалғанын мәлімдеп, жаңа, аса биік межені алға тартқан – «Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп ұлы мақсатымызды айқындаған бұл Жолдауы – тарихи құжат. «Егемен Қазақстан» газеті Тәуелсіздік тойының қарсаңында «Қазақстан-2050» Стратегиясының алғашқы жылдығына айқарма бет арнап отыр. 

Осыдан дәл бір жыл бұрын Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқанмемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жария еткен еді

Бірінші белестің бергендері

«Адамның санасы не нәрсеге сенсе, адам соған қол жеткізе алады» дейді әлемдегі бай адамдардың өмірдегі жетістіктерін зерттеген жазушы Наполеон Хилл. Бұл қағиданы сәл өзгертіп: «Қазақстандықтар болашағына сенсе, соған қол жеткізе алады», десек ше? Елбасының бастамасымен еліміз әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат етіп қойды. Мақсатқа жету үшін, ең алдымен оған деген сенім керек. Сол сенімнің қазақстандықтардың бойынан қалай көрініс тапқанын бағамдаймыз десек, «Қазақстан-2050» Стратегиясының алғашқы жылының жарқын жетіс­тіктері­не үңілуімізге болады.

Бәсекеге қабілеттілік білімнен басталады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты халыққа Жолдауында «Бала­пан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартып, Үкімет пен әкімдерге балаларды мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен 100 пайыз қамтуды міндет етіп қойған еді. Ағымдағы жылдың 10 айының қоры­тындысы бойынша, «Балапан» бағдар­ламасы шеңберінде еліміздегі 3 және 6 жасар балаларды мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен қамту бұрынғыдан ұлғайып, 72 пайызға жетті. Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, 2013 жылы Қа­зақстанда 94 балабақша және 45 шағын ор­та­лықтар ашылған. Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі мекемелерге 655 мыңнан астам бала барады. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 11 мың балаға артық.

Мемлекет жоғары әлемдік стан­дарт­тарға бағытталған еліміздегі білім беру жүйесін дәйекті және жүйелі дамытуда. Мәселен, биылғы жылдың 1 қыр­күйегінен бастап Қазақстанның барлық мектептерінде ағылшын тілін 1-ші сыныптан оқыту енгізілді. 8 Назарбаев интеллектуалды мектептері (Шымкентте – 2, Қа­рағандыда – 1, Ақтөбеде – 1, Таразда – 1, Аты­рауда – 1, Қызылордада – 1, Павло­дарда – 1) ашылды. Ел аумағында осындай 15 интеллектуалды мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ, қазіргі кезде 35 мектепте Назарбаев интеллектуалды мектептерінің озық тәжірибесі үлгі ретінде қолданылуда.

Сонымен қатар, алдағы кезеңде орта білім беру мазмұнын жаңарту басымдық ретінде белгіленген. Білім және ғылым министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2015-2016 оқу жылының басына қарай Назарбаев интеллектуалды мектептерінің тәжірибесін ескере отырып, жаңа оқу жоспары, бағдарлама және оқулықтар әзірленеді. Әсіресе, бірінші кезекте ауыл мектептерінің кадрлық әлеуетін күшейтуге көңіл бөлінеді. 2016 жылға қарай еліміздегі 108 мың педагогты мамандар даярлаудың Кембридждік жүйесімен қамту жоспарланған. Одан бөлек, 135 мың педагог-маман қысқа мерзімдік курс­тардан өтеді. Мектеп инфрақұрылымы да одан әрі жаңартыла береді. Қазіргі кезде елімізде 102 үш ауысымдық, 231 апатты мектептер бар. 184 мектепте оқушы орындарының тапшылығы байқалады. Осы мәселені түпкілікті шешу үшін, 2014 жылы республикалық бюджеттің қаржысына жаңадан 50 мектеп үйі салынады. Сондай-ақ, шағын комплектілі мектептер мәселесін шешу мақсатымен 2016 жылы 160 ресурстық орталықтар құрылады. Мұндай ауқымды іс-шаралар республикадағы 4145 шағын комплектілі мектептерде оқитын 385 мың баланың сапалы білім алуына жол ашады. Жалпы алғанда, жоғарыдағы мәселелерді шешу және білім беру сапасын көтеру мақсатында Үкімет биыл білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын 9 пайызға (оның көлемі 1 трлн. 428 млн. теңгені құрады) ұлғайтты. Отандық бі­лім беру жүйесін әлемдік деңгейге көте­ру үшін, Елбасы елімізде 2 колледж салынатынын айтқан. Астана және Ал­ма­ты қалаларында бой көтеретін сол колледж­дердің құрылысы биыл желтоқсан айында басталады.

Басты мақсат – жұмыссыздықты жүгендеу

Қазақстан – жұмыссыздықпен күре­суде үлкен тәжірибесі бар елдердің бірі. Се­бе­бі, еліміз 2008-2009 жылдардағы жаһан­дық экономикалық дағдарыс кезең­ін­де халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағы­тында бірегей бағдарламаларды жүзеге асырды. Сол бағдарламалар қазір де жемісті жалғасын табуда. Мәселен, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын жүзеге асыру кезінде жұмыс берушілердің қатысуы көбейді. Биыл жұмыспен қамту бағдарламасы мен «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын іске асыруға шамамен 105 млрд. теңге бөлініп, 10 айда 95 мыңға жуық адаммен әлеуметтік келісімшарттарға қол қойылған. Бұл адамдардың жартысынан астамы – жас­тар. Сонымен қатар, биыл Жол картасы аясындағы іс-шараларға 1045 мүгедек, 163 жетім бала және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін 1686 адам қамтылған. Еліміздегі 48 мыңнан астам адам кәсіптік оқумен қамтылып, 45 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жас­тар практикасына жіберілген. Оған қоса, оқуды бітірген 12 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылған.

Алайда, Мемлекет басшысы Үкіметтің 2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында жоғарыдағы көрсеткіштерге көңілі толмайтынын айтып, Үкіметке халықты тұрақты жұмыспен қамту деңгейін көтеруді тапсырған болатын. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемле­кет­тік органдармен бірлесе отырып, сұра­ныс­қа ие мамандықтар бойынша кадр­лар қажеттілігінің болжамын дайындауы тиіс. Білім және ғылым министрлігі жүр­гі­зілген болжам негізінде оқытылатын ма­ман­дықтарға мемлекеттік тапсырысты түзетуі қажет.

Халық табысының артуы

Әлеуметтік саясаттағы басым­дық­тардың бірі – халық табысының деңгейін арттыру. Ағымдағы жылы қыркүйек айында қазақстандықтардың номиналды ақшалай табысының 7,7 пайызға (55 292 теңге) өскені анықталған. Халықтың табысындағы негізгі орынды – еңбекақы алатыны белгілі. Еңбекақы төлеудегі ахуал орташа айлық номиналды жалақының тұрақты өсуімен сипатталады. Соңғы 9 айда оның мөлшері 2012 жылдың 9 айымен салыстырғанда 7,1 пайызға артып, 106 225 теңгені құраған. Нақты жалақы 0,9 пай­ызға өсіпті. Халықтың табысының тағы бір көзі – әлеуметтік трансферттер, яғ­ни, әлеуметтік қамсыздандыру жүйе­сі­нен төленетін төлемдер. Биыл осы мақ­сат­қа 1 трлн. теңгеден астам ақша бөлінген.

Қарапайым халықтың әл-ауқатының негізгі көрсеткішінің бірі – зейнетақы. Биылғы 1 қарашаға дейінгі мәлімет бойынша, еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері 41 583 теңгені құраған. Осы көрсеткішті ТМД елдеріндегі зейнетақының орташа мөлшерімен салыстырайық. Қазақстандық зейнеткерлер биыл 275,37 АҚШ доллары көлемінде зейнетақы алған. Бұл көрсеткіш Қырғызстан зейнеткерлерінің зейнетақысынан 3 есе, беларустық зейнеткерлерден – 1,3 есеге көп. Тек ресейлік зейнеткерлерден бар-жоғы 31,11 долларға ғана аз. Мемлекеттік қолдау шараларымен табысы төмен отбасылар да қамтылған. Олар – 58,8 мың атаулы әлеуметтік көмек және 554,8 мың балалар жәрдемақысын алу­шылар. Бұл Елбасының халыққа Жолдауындағы: «Мемлекет қоғамның әлеу­меттік жағдайы төмен топтарына – зей­неткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарам­сыздарға, науқас балаларға және, т.б. атау­лы көмек үшін толық жауапкершілікті өз мой­нынан алатын болады», деген сөзіне дәлел.

Үдемелі дамудың үлкен қарқыны

2013 жыл – Үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму мемлекеттік бағдар­ламасын жүзеге асырудың үшінші жылы. Нәтиже жаман емес. Себебі, биыл аймақтарды қоса алғанда жалпы құ­ны 560 млрд. теңгеге 140 жобаны іске қо­су жос­парланған. Республикалық Индустрия­лан­дыру картасындағы 7 ірі жобаны қам­титын бұл іс-шаралардың нәтижесінде 13 мың жаңа жұмыс орындары ашыла­ды. Сондай-ақ, бұдан басқа тағы 6 ірі жобаның құрылысы басталды. Іске қосыла­тын жаңа жобалардың қатарында Ақтө­бе қаласындағы жаңа ферроқорытпа зауыты, Ақтаудағы «Каспий битум» өндірі­сі, Қостанайдағы ұсақ сұрыпты қаңыл­тыр иетін орталық, Шымкенттегі «Химфарм» зауытының өндірістік қуат­тарын ұлғайту, Қарағандыдағы металлургия индустриялдық паркін дамыту жобалары бар.

Еліміздің индустриялық дамуының негізін дайын тауарлардың экспорты құрайтыны белгілі. Машина жасау өнеркәсібі есебінен осы экспорттың көлемі биыл 29 пайызға дейін ұлғайды. Ет және ет өнімдерінің экспорты да жоғары деңгейге көтерілді. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 2 қазанында Батыс Қазақстан облысындағы «Crown Батыс» ЖШС-нің мал бордақылайтын алаңынан Мәскеудің нарығына алғашқы 20 тонна сиыр еті жөнелтілді. Отандық өндіруші мен сауда индустриясында жұмыс істейтін ресейлік компания – Москворецк сауда үйінің арасында жасалған келісім бойынша, биылғы жылдың соңына дейін 500 тонна ет экспортталады.

Сонымен қатар, бидай экспортының көлемі де жылдан-жылға ұлғайып келеді. «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 2013 жылдың аяғына дейін жалпы алғанда 200 мың тонна бидайды экспорттауды көздеп отыр. Экспорттың негізгі бағыттары – Қытай, Иран, Әзербайжан және Ресей. Ағымдағы жылдың қараша айының соңында Қытайға алғашқы бидай вагондары жөнелтілген. Жалпы алғанда, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-тың ҚХР-дың ірі астық трейдерімен жасаған келісіміне сәйкес, 2013 жылдың соңына дейін 10 мың тонна бидай жеткізу жоспарланып қойған. Осы көлемді жеткізгеннен кейін, Қытай тарапымен қазақстандық бидай экспортының көлемін одан әрі ұлғайту жөнінде келіссөздер жүргізілмекші.

Жыл жобасы

Биылғы жылдың үлкен жетістерінің бірі – Қашағандағы үлкен мұнай сква­жи­насының іске қосылуы. Қыркүйек айының 11-і күні Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан Қашаған мұнай және газ кенішінде мұнайдың алғашқы баррелі өндірілді. Бұл жаңалықты барлық жаһандық БАҚ-тар жарыса жариялап жатты. Өйткені, бұл мұнай державасына айналуға ұмтылған Қазақстанның жаңа кеніштегі ғана емес, теңізде өндірген алғашқы мұнайы болатын. Сондықтан, бұл жобаға ең заманауи технологиялар қолданылды. Мәселен, теңіздің кешені – жасанды аралдарды тұрғызуға 13 млн. тонна тас пен 200 мың тоннадан астам цемент жұмсалды. Жасанды аралдарға 107 мың тонна жабдық орнатылып, мұнай мен газ жүретін құбырлардың ұзындығы 500 шақырымнан асты. Ағымдағы жылдың 30 маусымында көмірсутек өндірісі мен оларды өңдеуді қамтамасыз ететін басты өндірістік нысандар салтанатты түрде іске қосылып, ол рәсімге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон қатысты. Бұл оқиғаның өзі еліміз үшін ғана емес, Қашаған мұнайын күтіп отырған әлемдік тұтынушылар үшін де аса маңыздылығын көрсетті.

Атап айтарлығы, Қашағанның табал­дырығынан алғаш аттаған Дэвид Кэмерон жаңа кен орнының алып ауқымына таңғалғанын жасыра алмай: «Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласындағы зор әлеуетінің тағы бір көрсеткіші», деп мәлімдеді. Британия Үкіметінің басшысы Қашағанның Қазақстанның мұнай мен газының символы екеніне тоқталып, британдық «Шелл» компаниясының осынау ауқымды жобаны іске асыруға атсалысқанына ризашылығын білдірді.

«Болашақ» зауытының мұнай бойынша өндірісінің қуаты сөткесіне 450 мың баррельді, ал газды өңдеуде – сөткесіне 9 млн.-ға жуық кубометрді құрайды. Зауыттың ашылуы 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қашағанды иге­ру Қазақстанның мұнай-газ индус­трия­сының жаңа дәуірін ашты. Солтүстік Каспий жобасы тиімді халықаралық ынтымақтастықтың жарқын мысалы және халықаралық бизнестің елімізге деген сенімі. Қашаған ортақ мүдде үшін әлемдік мұнай компанияларын біріктірді. Олар біздің елге өздерінің жиған бай тәжірибесі мен білімін әкелді. Шетелдік инвесторлармен болған кездесуде мен инновациялар енгізетін инвесторларға Үкімет ерекше қолдау көрсететінін айтқан едім. Сол сөзімді бүгін растай аламын», деді салтанатты рәсімде Нұрсұлтан Назарбаев.

Шынында да Қашағанды игеру еліміздің экономикалық дамуына үлкен серпін беріп қана қойған жоқ, сондай-ақ, ол біздің халықаралық беделімізді биікке көтерді. Ел Президенті Қашағанды игеру біздің еліміздің дүниежүзілік геосаяси кеңістіктегі позициямызды күшейтуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Оның айтуынша, Солтүстік Каспий жобасы әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосады. Өз кезегінде Дэвид Кэмерон екі елдің инвестицияларды қамтамасыз ете отырып, болашақта да сауда-экономикалық байланыстарын дамыта беретініне сенімділік білдірді. «Біріккен Корольдіктің компаниялары күрделі экологиялық жағдайларда мұнай мен газ өндіруден алдыңғы қатарлы технологияларға ие. Мысалы, біз сондай технологияларымызды Солтүстік теңізде қолданудамыз», деді Британия Үкіметінің басшысы.

Қашағанды игеруге британдықтармен бірге тағы 7 компания қатысады. Жобаның операторы – «Норд Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы консорциумның 7 қатысушысының атынан әрекет етеді. «Қашағанды игеруден Қазақстанның экономикасы айтарлықтай пайда көре бастады, – деді Қазақстан басшысы. – Бүгінгі таңда 2600-ге жуық қазақстандық компаниялар жобадан бастапқы біліктілік сынағынан өтті. Тек өткен жылы ғана Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде қазақстандық өндірушілерге 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы төленді. Бұл жұмысты бұдан әрі жалғастырып, жақсарта беру керек. Бүгінгі таңда Каспий өзіне көптеген инвесторлардың назарын аударып отырған әлемдегі ірі мұнайы бар аймақтардың бірі. Бірақ, біз ең алдымен, Каспий теңізінің бірегей алуан жануарлар мен өсімдіктер әлемі бар ерекше табиғи аймақ екенін ұмытпағанымыз абзал. Оның нәзік экожүйесіне ұқыптылықпен қарау – әрбір табиғат қойнауын пайдаланушының талассыз міндеті».

Таңатар ТАБЫНҰЛЫ.

Жаңа қоныс пен жұмыс

бір мезгілде қолдарына тигендер Елбасына ризашылығын жеткізді

Баспанасы ескірген, тұруға мүлдем келмейтін жағдайға жеткен, оның үстіне жұмыссыз жүрген жандар бір мезгілде, қас пен көздің арасында екеуіне бірдей қол жеткізе ала ма? Жоқ деп жауап берер еді бұған кім-кім де ойланбастан. Не бұл, соншама, ертегі ме, сиқыршының таяғы ма өзгере салатын дер еді олар бұдан әрі. Қателеседі екенбіз. Бұл ертегі де, сиқыршының таяғы да емес, бүгінгі күннің нақты шындығына айналып отыр.

 Елімізде Елбасының бастамасымен әрі тікелей тапсырмасымен қабылданған, «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы осы пікіріміздің дәлелі. Нақтырақ айтқанда, аталған бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес шалғай елді-мекенде тұрып келген ағайындарымыз осындай мүмкіндіктерге ие болуда. Яғни, олар жаңа қоныс тойын тойлаумен қатар жұмыс берушінің сұранысы шеңберінде белгілі бір жұмыс орнына да қол жеткізе алады.

Осындай бақыттан басы айналып кете жазда­ған отбасы иелерінің бірі – Ерболат Әжібаев. Олар бұған дейін Теректі ауданындағы Ақсоғым ауыл­дық округіне қарасты болашағы бұлдыр Табынбай деген нүктеде тұрып келіпті. Мұнда оларға жұмыс болмаған. Тіпті кішкентай елді мекенде бас­тауыш мектеп те, медпункт те жоқ екен. Сөйтіп, сергелдеңге түсіп жүргенде бұларға мемлекеттік бағдарламаның шапағаты тиіп, аяқ астынан аудан орталығынан жүз шаршы метрлік үш бөлмелі даңғарадай үйдің кілті табыс етілді. Сыңғырлаған су жаңа баспанаға барлық инфрақұрылымдық жүйе – су, табиғи газ құбырлары, электр желілері тартылған. Бір сөзбен айтқанда, жаңа үйде өмір сүруге қажетті қолайлы жағдайлардың бәрі бар.

– Бұл үшін Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевқа шексіз алғысымыз бен ризашы­лы­ғы­мызды жеткізгіміз келеді. Біз секілді еліміз­дің түкпір-түкпіріндегі тұрмысы төмен, күн кө­ру мүмкіндігі шектеулі отбасыларға осындай ба­ға жетпес қолдау көрсеткен, жаңа баспана мен тұ­рақты жұмысқа бір мезгілде қол жеткізуге жағдай туғызған Елбасыға шын жүректен алғысымызды айтып халқымыздың бағы үшін ұзақ өмір сүріңіз демекпін, – деді жаңа үйдің кілті тапсырылған сәтте бақытты отбасы иесі Ерболат Әжібаев.

Иә, тағы бір айтарымыз – Е.Әжі­баев­тың отбасымен бірге аудан орта­лығы Федоровкаға тағы да тоғыз отбасы келіп қоныстанды. «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламасы бойынша тұр­ғызылған бұл үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 70 миллион теңге қаражат бөлінген.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы,

Теректі ауданы.

Мен – еркін адаммын

Бүгінде жасы елуден асқан біздің буынның өкілдері еңбекпен ер жеттік. Кешегі кеңес өкіметінің кезінде әкеміз айдалада бір үй отырып, кеңшардың малын бақты. Әпкелерім де, ағам да, іні-қарындастарым да, өзім де шопандардың балаларына арналған интернатта жатып білім алдық. Төрт тоқсандағы каникулда әке-шешеміздің қолындағы жұмысты алып, оларға қолдан келгенше жәрдемдесетінбіз. Бүгінде аға буын кеңес өкіметін сағынышпен еске алады. Рас, кеңес өкіметінің түрлі әлеуметтік топтарды теңестіруге жасаған талпыныстарын жоққа шығаруға болмайды. Ол өкімет ең алдымен адам факторына мән беруге ұмтылды. Алайда, ұмтылыс бар да, идеяны жүзеге асыру бар. Мәселен, кеңшардың малын баққан біздің әке-шешелеріміз зейнеткерлікке шыққанша еңбек демалысы дегеннің не екенін білген емес. Еңбек демалысына төленетін жалақыны алатын, бірақ, «мен бүгіннен бастап еңбек демалысындамын» деп бүгінгідей курорттарға барып шалқасынан түсіп жатып алмайтын. Оны айтасыз, ол кездің шопандары жыл он екі айда бір күн демалған емес. Кеудесінен жаны шығып кетпесе онша-мұнша ауруларды елемейтін де. Бәлкім бұл сөзімізге бүгінгі ұрпақ сенбес, дегенмен шыны солай еді. Кеңес Одағы тарағаннан кейін өкіметте мал қалмады да кеңшарлар жекешеленіп кетті. Сол кезде орталықта үйі жоқ, өмір бойы қойдың соңында жүрген талай шопан далада қалды.

Мұның бәрін неге айтып отырмын?

Мұны айтып отырғаным, бүгінде «нарықтың заңы қатал» деп сөйлейтіндер көбейді. Өмір қашан оңай болып еді, қиындық бар болса бар шығар. Алайда, қандай қиын жағдайда да Елбасы елін, жұртын күйзеліске тастап кеткен емес. Жас Қазақ мемлекетінің бүкіл организмі адамгершілік пен гума­низм­ге негізделген. Оған басқа құжат­тарды айтпағанда Президент Н.Ә.На­зар­баевтың «Қазақстан-2050» Страте­гиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да дәлел бола алады.

Бүгінде мен кәсіпкермін. Еркін адаммын. Ордабасы ауданының аумағында тас үгітіп, майдалайтын шағын кәсіпорным бар. Алайда, еркіндік дегеннің де шегі, шекарасы болады. Қоршаған ортадан, қоғамнан ешкім тәуелсіз емес. Мәселен, менің иелігімдегі кәсіпорында он екі адам жұмыс істейді. Он екі адамның ар жағында он екі отбасы тұр. Сол отбасылар ашығып қалмауы керек. Себебі, олар маған сеніп келіп отыр.

Ал, мен кімге сенемін? Әрине, өзіме. Сосын өзімнің туған мемлекетіме. Себебі, жыл өткен сайын біздің елі­мізде кәсіп істеймін, бақуатты тұр­мыс кешемін деген адамға барлық мүмкін­діктер қарастырылып келеді. Елбасы кәсіпкерлер алаңсыз жұмыс істесін деп олардың қызметін орынды-орынсыз тексере беруге бірнеше мәрте мораторий жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында банктерден несие алу дегеніңіз аспандағы айды алғанмен бірдей болатын. «Шапка» деген ұғым сол кезде шықты. Қазір банктердің өздері бір-бірімен таласып, кәсіпкерлерге несие бергісі келеді. Соған құмбыл. Рас, қазірше өсім пайызы жоғарылау, дегенмен, бірте-бірте ол да өз шешімін табарына сенемін.

Жергілікті атқарушы билік кәсіп­керлердің әлемдік нарықты заман талабына сай игеруі үшін шетелдерге жиі-жиі іссапарлар ұйымдастырып оты­рады. Шетелдің ірі бизнесмендерін Қазақ­станға шақыртып, бізді олардың тәжіри­белерінен үйренуге жағдай жасайды.

Мен жоғарыда өзіміздің ата-аналары­мыздың қалай еңбек еткенін жайдан-жай айтқан жоқпын. Бәрі де салыстырулардан кейін айқындалады. Ол кезде еңбек адамына бәрі бастық болатын. Бөлімше меңгерушісінен бастап кеңшардың бас зоотехнигі, парторгі, директоры, аудан, облыстан келетін уәкілдер, бәрі-бәрі дігірлеп тұратын. Қуаңшылықтан жердің оты азайып, мал азса да шопан кінәлі-тін. Ал, қазіргі еңбек адамына кім үстемдік ете алады? Мен мәселен, күндіз-түні аттың терін құрғатпай жүрсем, ол өзім үшін. Өзімнің ұжымымдағы адамдар үшін. Менің еркіндігімді ешкім қолжаулық ете алмайды. Бұрын «егемен елдің еркін азаматы» дегенді жай патетика санайтынмын. Алайда, ойланып отырсам бұл сөздің саяси да, рухани да мәнісі тереңде екен.

Иә, мен егемен елдің еркін адамымын.

Меделхан ИСАҚОВ,

«Тұмар XXI» ЖШС-нің

директоры.

Шымкент.

Баспаналы болу бақыты

пәтер кезегінде тұрған салымшылардың қатысу белсенділігі мен төлем қабілетіне көп байланысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғын үй құрылысын дамыту саясаты айқын. Ол – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту арқылы адамдарды жайлы да лайықты баспанамен қамтамасыз ету. Бұл орайда, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының маңыздылығы уақыт өткен сайын артып келе жатқаны айтпаса да түсінікті. Оны қатысушылар қатарының артып, сұраныстың өсе түсуінен анық аңғаруға болады. Біз салымшылар, мемлекет пен құрылыс компаниялары арасындағы тең құқылы әріптестік қағидатын сақтай отырып, тұрғын үй құрылысы салымдары жүйесінің зор әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын тынбай қарастырып келеміз.

 Салымшыларымыздың негізгі бөлігі – бюджет қызметкерлері. Олардың төлем қабілеті төмен болғандықтан, баспананы бірден сатып алуға шамалары жете бермейді. Сол себепті қолжетімді жобаларға қатысқанды қолайлы көреді. Мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктер арқасында былтыр 1055 отбасы тұрғын үйге ие болса, биыл 600 отбасыға пәтердің кілттері табыс етілді. Жыл аяғына дейін олардың саны 1300-ге жетеді деп күтілуде. Қаржылай есептесек, 659474 мың теңгенің 182 қарызы үлестірілді. 55 және 126 пәтерлі екі тұрғын үйді несиелеу рәсімделді. Бүгінде облыс орталығында үш құрылыс нысаны тұрғызылуда. «Основание» ЖШС 5 қабатты 90 пәтерлік үйдің құрылысын бірер айдың ішінде аяқтауды белгілеп отыр. «Петрострой люкс» компаниясы 55 пәтерлік тұрғын үйдің ішін әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті. «Береке» шағын ауданында 45 пәтерлік үйдің іргетасы қаланды. Бұдан тысқары «Жас отбасы» бағыты бойынша 75 пәтерлік баспананың құрылысы аяқталуға жақын. 15 және 27 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталды. 93 пәтерлік екі үй салуға тапсырма берілді. Тұтас­тай алғанда, 2012 жылы 28 мың шаршы метр тұрғын пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткіш 34 мың шаршы метрді құрайды.

2012 жылы Үкіметтің шешімімен бекіген жобаның артықшылықтары көп. Ең бастысы, бағдарламаға қаты­суға тілек білдірушілер баспана құ­ны­ның бір бөлігін Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкінде жинап, қолже­тімді ипотекалық несие алу мүмкін­дігіне ие болады. 29 жасқа дейінгі жас отау иелеріне үлкен басымдық қарастырылған. Бала санына байланысты балл көрсеткішінің арта түсуі демографиялық ахуалға да оң әсерін тигізері сөзсіз. Енді бағдар­ла­маға енгізілген толықтырулар негі­зінде жалғызбасты әйелдер мен ажырасқандар да қатыса алады. Бұл да қамқорлықтың бір айғағы болса керек. Ең бастысы, жеке иеліктерінде үй болмаулары шарт. Біз өз тарапымыздан тапсырыс беруші ретінде пул қалыптастыру, банк таңдау қызметтерін көрсетеміз. Жобада қамтылған 8 бағыттың 2 бағыты тікелей тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырылады. Біріншісі бойынша тұрғын үй құрылысы жұмыстарымен атқарушы органдар айналысып, барлық санаттағы азаматтар ұзақмерзімдік жалға алу, болмаса сатып алу құқығын иеленеді. Екінші бағыт жас отбасылардың тұрғын үй жайлылық деңгейін оңтайлы шешуді діттейді.

Бүгінде рәсімдеу құжаттары еш­қандай қиындық туғызбайды. Сол себепті болар, жаңа келісімшарттар жасаушылар қатары молайып келеді. 9 айда жоспардағы 2330 келісімшарт орнына 2490 келісімшартқа қол қойылды. Аз уақыттың ішінде банктегі жинақ иелерінің салымдарынан түскен комиссиялық және пайыздық сыйақы мөлшері де күткендегіден асып түсті. Бүгінге дейін табыс табу сәйкес түрде 31439 мың және 118751 мың теңгеге артығымен орындалды. Оның басты себебі, қатарымызға клиенттерді тарту жұмысы белсенді жүргізілді.

Салымшыларға қойылатын бас­ты шарттардың бірі белгіленген көлемде салым жинақтау десек, өкінішке қарай, бұл талаптарды бәрі бірдей орындай бермейді. Жоқтан өзгені сылтау етіп, міндетті төлемді мезгілінен кешіктіретін жайттар ұшырасады. Екіншіден, тұрғындар қызығушылығының арта түсуіне байланысты кейбір проблемалар туындап отыр. Мақсатты түрде қаржы құю және несиелеуге депозиттік есепшот ашқан салымшылар саны бүгінде 12 мыңға жуық. Олардың 500-ге жуығы жеткілікті қаржы жинақтап, баспана алу пулына қатысуға әзір. Өкініштісі сол, пәтер кезегі баяу жылжуда. Оның себебі біреу-ақ: құрылыс жұмыстарымен айналысатын компаниялар санаулы ғана. Әйтпесе, қа­ра­жат жоқ емес, бар. Ал игерілуі қана­ғат­тандырмайды.

Жоғарыда бағдарламаның бірін­ші бағыты бойынша барлық санат­тағы адамдардың қатысуына шек қойы­л­мағанын айтып өттік. Олардың арасында үйі барлары жоқ емес. Алдағы уа­қытта осы жағын мұқият ескерген жөн секілді. Қалталыларға жеңілдікпен пәтер алу соншалықты қиын емес. Ты­ғы­рық­қа тірелетін тағы да бюджет қыз­мет­керлері мен жас отбасылар болмақ.

Қалай десек те, жастардың мем­ле­кет­тік қолдауын айқын сезініп, қол­же­тім­ді бағдарламаға қосылғаны қуан­та­ды.

Балахмет МОЛДИНОВ,

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық  бөлімшесінің

директоры.

Мыңаралдағы қуаныш

Мыңарал теміржол бекетінде жаңа білім ордасы оқушыларға есік ашты. Оның салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев қатысып, бекет жеткіншектерінің өздеріне арналып салынған мектепте тек қана жақсы оқуына тілектестік білдірді. Жер шалғайлығына қарамастан, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге қолайлы заманауи ғимаратты ұстаздармен бірге аралап, ата-аналар қуанышын бөлісті.

Бекетте тұратын оқушылар бұған дейін Мыңарал ауылындағы мектепке барып білім алатын. Енді олардың өз мектептері бар. Құрылысы 2012 жылы басталған 120 оқушыға арналған мектептің құны 327 миллион теңгені құрады. Бірақ Мыңаралдағы қуаныш мұнымен бітпепті. Аймақтағы тұщы судың тапшылығынан зардап шегіп жүрген Мыңарал теміржол бекеті мен Мыңарал ауылының тұрғындары үшін арнайы жасалған 2 су тарату орталығы да пайдалануға берілді. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Мыңарал теміржол бекетіндегі ауызсу құрылысының жұмысына 287 миллион, ал Мыңарал ауылындағы ауызсу жүйесі құрылысына 271 миллион теңге жұмсалыпты. Мыңаралдықтар енді осы тарату орталықтары арқылы Балқаш көлінің залалсыздандырылған суын тұтынатын болады. Бұған дейін шөлді және шөлейтті ауданға орналасқан Назарбеков, Шығанақ және Күшаман ауылдарына тұщы су жеткізіліп берілген болатын.

Сапалы ауызсу жүйесі бүгінде Мойын­құм мен Ұланбел ауылдарына тартылып жатыр.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы,

Мойынқұм ауданы,

Мыңарал бекеті.

Ілгерілеудің іргетасы

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент «Қазақстан-2030» Стра­те­гиясында «Алдымен экономика, содан соң саясат» деген қағиданы ұстанғаны баршамызға мәлім. Саяси реформалардың әрбір кезеңін экономиканың дамуының деңгейімен ұштастыра білген еліміз дамудың даңғыл жолына шыға білді.

Сол кезде Елбасы 2030 жылға қа­рай Қазақстанды әлемнің дамыған 50 елінің қатарына шығару жөнінде меже белгілесе, ол 15 жылдың ішін­де толықтай жүзеге асырылды. Өт­кен жылдың 14 жел­тоқ­санындағы Қа­зақстан халқына арнаған «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тас­қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті Жолдауында Президент: «Елі­міздің экономикасын көтердік, енді сая­си реформалар мен халықтың рухани-мәдени деңгейін жақсартуға бағытталған шараларға бас­ты назар аударуымыз керек» деген болатын. Ел дамуының ертеңін айқындаған стратегияда көрсетілген мін­деттер ауқымды. Алайда, бұл тапсыр­маларды орындауға қазақстандықтар қазірдің өзінде берік негіз қалап үлгерді.

Оны облыстың шалғай аудан­дары­ның бірі Ойыл өңірінде атқа­рыл­ған игілікті істерден де аңғаруға болады. 2013 жылдың 1 қарашасына аудан бойынша «Жұмыспен қам­ту-2020» жол картасына қатысуға 278 адам тілек білдірді. Оның ішінде 277 адаммен әлеуметтік келісімшарт жасалды. Жастар тәжірибесіне 49 адам жіберілді немесе жоспар 123 пайыз орындалды. Осы бағыт бойынша 20 адам кәсіптік оқуға, 21 адам қайта даярлауға, 3 адам біліктілігін арттыруға жіберілді.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Қаратал, Көптоғай және Қараой елді мекенінде жаңа ауызсу құбыры пайдалануға берілді. Қайыңды ауылдық округінің орталығы Ақжар елді ме­ке­нінде ауызсу құбырын жүргізу мәсе­лесі облыстық органдарға ұсынылып, 2015 жылға дейінгі аймақтық даму бағдар­ламасына енгізілді.

2012 жылы «Көркейе бер, ту­ған жер» акциясы аясында Көп­то­ғай ауылдық окру­гі­нің Амангелді елді мекенінде, ағымдағы жы­лы Ақкемер, Бестамақ, Қаракөл, Қа­ра­кемер, Құмжарған елді мекен­дерінде ұңғы­ма құдықтар қазылып, ауызсу мәсе­лесі шешілді. Атқа­рыл­ған жұмыстар нә­ти­же­сінде аудан тұрғындарын сапалы ауыз­су­мен қамтамасыз ету 68,8 пайызға же­тіп, бүгінгі таңда аудандағы 7 ауыл­дық округ орталығының алтауы орта­лықтан­дырылған сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.

Ауданда асыл тұқымды ірі қара және асыл тұқымды «Еділбай» қойын өсіруге бетбұрыс жасалуда. 2011 жылдан басталған мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелік желімен бүгінге дейін 26 шаруашылық 117,0 млн. теңгеге 665 тауарлы ір қара сатып алды. 2012 жылы «Жайылымдағы қой шаруашылығы» бағдарламасы бойынша 13 шаруашылық құры­лым­дарына 153,7 млн. теңге несие бөлініп, 5614 қой алуларына көмек берілді.

Жыл сайын ауданда жаңа мектептер, балабақшалар, дәрігерлік пункт­тер және тұрғын үйлер бой көтеруде. Елді мекендерді көрік­тендіру және жарық­тандыру жұмыс­тары қарқынды жүргі­зі­луде. Аудан орталығындағы көшелерге ас­фальт төселіп, суағарлар салынды, жа­рық­тандырылды. Жаңа сая­бақ салы­нып жатыр. Осының барлы­ғы да «Қазақстан-2050» Страте­гиясынан бас­тау алып жатқан жұмыс­тардың нәтижесі екені сөзсіз. Стра­тегия жа­рия­ланған бір жыл көле­мінде осындай оң өзгерістер бо­лып жат­қа­нын көрген халық оның өмір­шеңдігіне сенімді.

Берік БИСЕКЕНОВ,

Ойыл аудандық мәслихатының

хатшысы.

Ақтөбе облысы.

 

Соңғы жаңалықтар