Кір тасын көтеру. 76 жастағы Алматы облысы Көксу ауылының тұрғыны кір тасын көтеруден әлемдік рекорд жасаған Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Кір тасын көтеру. 76 жастағы Алматы облысы Көксу ауылының тұрғыны кір тасын көтеруден әлемдік рекорд жасаған Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Ол Ресейдің Архангельск қаласында өткен жарыста Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында жарты сағатта 10 килолық кір тасын 750 рет тоқтамай көтеріп, жұртшылықтың назарын өзіне аудартты. Осыдан кейін комиссия мүшелері 76 жастағы қарияны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу туралы шешім қабылдады.
Бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен 400-ден астам кір тасын көтерушілер қатысыпты. Ал біздің елден жарыста Әмірбай Рысқұловтан басқа, тағы 4 адам бақтарын сынаса, соның ішінде Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд жасапты. Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і – әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының алтын жүлдесі.
Шаңғы. Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командасы бір алтын және бір күміс медальді жеңіп алды.
Біздің елге алғашқы жүлдені әйелдер арасында шаңғы жарысынан өткен сында Татьяна Осипова сыйлады. 10 шақырымдық қашықтықта Татьяна украиналық Катерина Григоренко мен фин қызы Марьяна Питкененнен озып, Универсиада чемпионы атанды.
Ерлер арасында 15 шақырымдық скиатлон жарысында Марк Старостин күміс медальді иеленді.
«Егемен-ақпарат».