• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Қаңтар, 2021

Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды

466 рет
көрсетілді

152 ақаулы және заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіпкерлік объектілерінде сыртқы жарнаманы заңсыз орналастыруды анықтау және «Жарнама туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру мақсатында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының өкілдерінен жұмыс тобы құрылды. ⠀ Мәселен, апта сайын Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту және өнеркәсіп, сыртқы орналастыру бөлімінің мамандары кәсіпкерлік объектілеріндегі жарнаманы инспекциялау бойынша жұмыс жүргізеді.