• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қаңтар, 2021

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 5 ақпанда Алматыда өтеді

194 рет
көрсетілді

«Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 5 ақпанда Алматы цифрлық форумымен бірге өтеді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия басшысының көмекшісі Ия Малкина.

«Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 5 ақпанда өтеді, бұл көздесу онлайн емес, дәстүрлі,   офлайн форматында өтеді», – деді ол сәрсенбідегі брифингте.

Сонымен бірге Digital Almaty цифрлық форумы өтеді, оның шеңберінде комиссияның басқарма төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйлейді деп жоспарланған. ЕЭК баспасөз қызметі түсіндіргендей, алдағы үкіметаралық кеңестің күн тәртібі 29 қаңтарда ЕАЭО кеңесінің отырысында бекітіледі. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келісімі мен шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кеңес ЕЭК-ке нұсқаулар береді және Одақ шеңберінде келісімдерде көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Кеңес Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы интеграциялық ынтымақтастықтың іргелі мәселелерінің маңызды бөлігін де қарастырады.