• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2013

«Ақ балапан» – Түркияда

360 рет
көрсетілді

Белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлының балаларға арналған «Ақ балапан» кітабы Түркияда жарық көрді. Кітаптың басылып шығуына мұрындық болған көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Минар Синан көркемөнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара еңбектің латын әрпімен жарық көргенін айтады.

Белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлының балаларға арналған «Ақ балапан» кітабы Түркияда жарық көрді. Кітаптың басылып шығуына мұрындық болған көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Минар Синан көркемөнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара еңбектің латын әрпімен жарық көргенін айтады. Ғалым: «Тілге жеңіл, ойға орам­ды бұл еңбек Түркия мен Еуропада тұратын, ана тілінен, туған жұртынан жырақта жүрген, әрі оны ұмытуға таяу қазақ жас­тары үшін аса пайдалы. Қазірдің өзін­де сұраныс өте көп», дейді.

Ал жазушының өзі: «Өзге тіл­дің телегейіне бату қаупіндегі балаларымыз үшін менің кітабым қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек көрсетсе ол менің ғана емес, Отан топырағында отыр­ған барша қазақтың өтелген бір қарызы болар еді», дейді.

Осыдан бұрын оның «Ақбота» атты балаларға арналған тағы бір кітабы ҚХР-дың «Жастар-өрен­дер баспасынан» шығып, Шың­жаңда өмір сүріп жатқан қандас­тары­мызға тез тарап кетіпті. Ыстам­бұлдағы «Sanat» баспасынан басылып шыққан «Ақ балапан» кітабы жазушының балаларға арналған үшінші кітабы.

«Егемен-ақпарат». 

Соңғы жаңалықтар