• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қаңтар, 2021

Испанияның Мадрид қаласында жарылыс болды

190 рет
көрсетілді

Кеше, яғни 20 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында) Мадрид қаласының Толедо көшесіндегі ғимараттарының бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, жарылыс ғимараттың көп бөлігін қиратқан -  төрт қабат құлаған. Өлім мен жарақат бар, бірақ құрбандардың соңғы саны әлі жарияланған жоқ. ⠀

Оқиғаның себебі әлі анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс газдың таралуынан болуы мүмкін. ⠀ Жергілікті БАҚ ғимарат қарттар үйіне тиесілі деп жазады. Қариялар жақын жердегі басқа нысанда тұрады. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Мадридтегі Қазақстанның консулы жергілікті билікпен байланыста. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы тексеріліп жатыр.