• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2010

ҮЙЛЕСІМДІ ҚАДАМДАР ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА

473 рет
көрсетілді

19 сәуірде ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев өзінің әріптестері: ресейлік – Сергей Лавровпен, қытайлық – Ян Цзечимен және испаниялық – Мигель Анхель Моратиноспен телефон арқылы келіссөздер өткізді, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Қ.Саудабаев пен С.Лавров Қазақстан­ның, Ресейдің және АҚШ-тың прези­денттері Н.На­зарбаевтың, Д.Медведев пен Б.Обаманың бірлескен күш-жігері нәтижесінде, әрі ЕҚЫҰ, БҰҰ және Еуро­одақтың араағайындығы арқа­сында Қ.Бакиевтің Қырғыз­стан аума­ғын тастап шығуы  қамтамасыз етіліп, мұның өзі қо­­ғам­ның жіктелуіне және Қырғызстан­да­ғы азамат соғы­сының ықтимал­дығына жол берілмеді, деді. Әң­гімелесушілер бұл ел­дегі ахуал­ды жедел және то­лық тұрақтан­ды­ру­дың, құқық тәртібін қал­пына келтірудің маңыздылығын және ел халқының өмірін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін ше­шу қажеттілігін атап өтті. Ян Цзечимен әңгіме бары­сында тараптар көршілес Қыр­ғызстанда қалып­тасқан жағ­дайға алаңдаушылық білді­ріп, ахуалды қалпына кел­ті­ру­де бұл елдің халқына және Уа­қытша үкіметіне қолдау біл­ді­рудің маңыздылығын атап көр­сетті. Қазақстан мен Қы­тай жағынан Қырғыз­станға көмек жолдаудың басымдығы атап өтілді. Әңгімелесушілер Қырғызстандағы ахуалды рет­теуге Шанхай ынтымақтастық ұйымының ресурстарын тарту және  бұл мәселені ұйымның алда болатын шара­ла­рында тал­қылау  мүмкіндігін қарастырды. М.Моратинос Нұрсұлтан Назарбаев­тың ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық етуші Мем­ле­кеттің бас­шысы ретінде Қырғыз­стан­дағы жағдайды тұрақтан­ды­руға қосқан үлесіне Еуро­одақ атынан жоғары баға бер­ді және Қырғызстанды саяси дағдарыстан шығару жөнінде  Еуроодақтың ЕҚЫҰ-мен ынты­мақтастықты ұлғайтуға әзір екендігін  білдірді. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде Қ.Саудабаев өз сұхбаттастарын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасымен жағдайға жер­гі­лікті орында баға беру және Қырғызстанның Уақытша үкі­меті басшылығымен, қоғам­дық-саяси топтардың және аза­маттық қоғамның өкілдерімен елдегі әлеуметтік-экономи­калық және саяси өмірді қалпына келтіру жол­дарын талқылау үшін 20 сәуірде өзі­нің Бішкекке баратыны туралы хабардар етті.