• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 25 Қаңтар, 2021

Қарағанды облысы жастарының жетекшісі тағайындалды

598 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы болып Біржан Әлімжанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біржан Нұржанұлы Әлімжанов Алматы облысының Петропавловка ауылында дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. «Бағалаушы» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Сондай-ақ ол Прага қаласындағы жоғары экономика мектебінде халықаралық тағылымдамадан өткен.

Қарағанды қалалық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы «Қарағанды облысының жастар одағы» ҚБ-ның төрағасы болып бастаған. Жастар ісі жөніндегі орталықтың жетекші маманы және директоры қызметін атқарды. 2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласының тіл саясатының сараптама және мониторинг басқармасының сарапшысы болған. Сол жылы Кәсіби шеберлік және WorldSkills қозғалысын дамыту жөніндегі басқармада менеджер, сонан соң бас менеджер болып еңбек етті.

2018 жылы Білімді қаржыландыру мемлекеттік жүйесін дамыту және студенттік жатақханалар операторлығы жөніндегі басқарма директорының орынбасары болды. Одан кейін «Қаржы орталығы» АҚ-ның  Студенттік жатақханалар операторлығы жөніндегі департаментінің директоры лауазымына тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметті атқарып келді.