• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қаңтар, 2021

Полиция қызметкерлері бір аптада 9 кісі өлімін әшкереледі

117 рет
көрсетілді

Өткен аптада ел аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Еgemen.kz

Ресми өкілдің дерегінше, бір апта ішінде 3179 қылмыс жасалған. Оның 2103-і бір тәулік ішінде ашылды. «Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 5 қарақшылық, 520 бөтеннің мүлікін ұрлау қылмысын ашты», - деді Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.