• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қаңтар, 2021

Алдағы күндері қар жауып, күн жылынады

462 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 26-28 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде қар жауып, ауа температурасы көтеріледі. Қазақстанның солтүстік жартысы жылы атмосфералық фронттың жолына түседі. Ол аспанды тығыз бұлттармен жауып, қар жауғызады. Аяздың бетін қайтарады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын соғады.