• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2013

Сенаторларға – мемлекеттік наградалар

294 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Отырысты ашқан Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тәуел­сіздікке қол жеткізуі халқымыздың ұлы жеңісі, теңдесі жоқ тарихи оқиға екенін атап өтті. «Бүгінде Қазақстан қол жеткізіп отырған теңдессіз же­тіс­тіктер – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың сындарлы саясаты мен қажырлы еңбегінің көрнекті нәтижесі. Еліміз тату­лық пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен бейбіт өмірдің мекеніне айналып, дамудың даңғыл жолында келеді. Қа­зақ­станның халықаралық қоғамдастық алдындағы мәртебесі күннен-күнге өсуде», деді Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы бәсе­кеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру­ді көз­дей­тін Мемлекет басшысының «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы жаңа реформалар мен экономикалық серпіліс жасауға зор мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ сенатор мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.

Сенаторлар Талғатбек Абай­ділдин, Иран Әміров, Ақан Бижанов, Светлана Жалма­ғам­бетова, Ермек Жұмабаев және Ерлан Нығматулин «Парасат» орденінің иегерлері атанды.

Парламент Сенаты Аппара­ты­ның бөлім меңгерушісі Ерлан Сапаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сенат Аппаратының бас кон­сультанттары Қадыржан Арыс­танов, Рахима Бектібаева, Дәурен Жүсіпов Қазақстан Рес­публикасының Құрмет грамота­сы­мен марапатталды. Одан басқа, жоғарғы палата бюросының қау­лысымен Аппараттың бірқатар қызметкерлеріне Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы берілді.

Соңғы жаңалықтар