• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қаңтар, 2021

Экология вице-министрі қызметінен босатылды

278 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Николаевич Громов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды.

Сергей Громов 1959 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Әр жылдары аудан әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, аппарат басшысы, төраға орынбасары, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. 

2013-2016 жылдары — ҚР Парламенті Сенатының V шақырылымының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.  2016-2019 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары. 2019 жылғы тамыздан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.