• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2021

Өткен жылы Алматыға 88 мыңнан астам иммигрант келген

307 рет
көрсетілді

Қаланың көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 64,6%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz

– Сонымен қатар, өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 16 мың 347 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 1 мың 539 шетелдік болған. 238 шетелдік азамат елден әкімшілік жолмен шығарылды. Сондай-ақ, 63 жұмыс беруші мен Қазақстанның 14 мың 808 азаматы әкімшілік жазаға тартылды. Барлығы 117 миллион 074 мың 692 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар 2020 жылы шетелдіктер жасаған 301 қылмыс тіркелген. Қылмыстардың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған.