• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бизнес 26 Қаңтар, 2021

Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған

335 рет
көрсетілді

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы қабылданып іске асырылды. Бұл: халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шұғыл шаралар, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі жедел шаралар және экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар. Осының арқасында 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды. Зиян шеккен салалардағы қарыз алушылардың 80 пайыз кредиттерді төлеу мерзімін кейінге ауыстыру бойынша жеңілдіктерді пайдаланды», деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, кәсіпкерлердің 40 мыңға жуық жобасы қаржыландырылған.

«Үкіметтің экономика мен халықты қолдауға арналған дағдарысқа қарсы шараларының жалпы көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 9 пайызы», деді Асқар Мамин.