Шымкент қаласында 2020-2025 жылдары аралығында кешенді жоспарға сәйкес жалпы 63 882 орындық 85 білім ордасының құрылысы жүргізіледі. Соның ішінде 63-і жаңа, 22-і қосымша құрылыс, деп хабарлайды Egemen.kz
Кешенді жоспарға сай атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлары жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева баяндады.
«Биыл 22 272 орындық 32 білім ошағының құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 21 жаңа құрылыс, 11 қосымша құрылыс нысаны бар. 12 мектептің құрылысы мемлекеттік бюджеттен, 19 мектеп инвесторлар мен кәсіпкерлер есебінен қаржыландырылады», деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, өткен жылы 10 нысанның құрылысы жүргізілді. Атап айтанда 4 жаңа, 4 қосымша, 2 өнер мектебі ашылды. Одан бөлек, 15 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, 17 спорт алаңы жаңартылды.