• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Видео 27 Қаңтар, 2021

ҰҚК Қазақстанның батысында арнайы операция жүргізді

190 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында деструктивті діни ағым ұстанушылары есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 қаңтарда ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысты бар топ мүшелерін құрықтады. Бұл факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.