• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2010

ҒАЛЫМДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

680 рет
көрсетілді

ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 19-20 сәуірде егемен еліміздің тарихында тұңғыш рет елордамыз Астана қаласында “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында бұқаралық дене шынықтыру мен жоғары жетістіктер спортының теориясы мен практикасы: үрдістері, мәселелері, болашағы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Атаулы халықаралық шараға спорт пен дене шынықтыру мә­де­ние­тінің теориясы мен практикасы са­ласындағы белгілі Ресей ма­ман­дары: Санкт-Петербургтің П.Лесгафт атындағы спорт, дене шы­нықтыру және денсаулық уни­верситетінің ректоры В.Таймазов, ғылым докторлары мен про­фес­сор­лары Г.Виноградов, Б.Та­раканов, А.Горелов, Г.Карнаухов, Ресей Олим­пиадалық комитетінің қыз­метін бірлесіп атқару Кеңесінің вице-президенті, п.ғ.к., олимпиада чемпионы С.Новиков, Беларусь олимпиадалық академиясының атқарушы директоры В.Новныко, Словения Республикасының өкілі, Халықаралық “DUOL” компания­сының президенті Д.Олай қатысты. Ғылыми-практикалық кон­фе­рен­цияның бағдарламасына сәйкес қа­зақстандық және Ресей ға­лым­дары шебер-сынып және прак­ти­калық дәрістер өткізді, сонымен қатар, ТМД елдерінің мамандары ара­сында өзара тәжірибе алмасулар болды. Конференцияның ашылу сал­та­натын ашқан Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Туризм және спорт вице-министрі Т.Ермегияев пен еліміз Туризм және спорт ми­нис­трлігіне қа­расты Спорт комитетінің тө­р­аға­сы Е.Қанағатов өз сөздерінде Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен мін­деттерге жан-жақты тоқталды. Осыдан кейін жетекші ғалы­м­дар­дың баяндамалары тыңдалды. Санкт-Петербургтің П. Ф. Лесгафт атындағы спорт, дене шынықтыру және денсаулық университетінің ректоры В.Таймазов “Ресей Федерациясы мен Қазақстан Рес­пуб­ликасы ғалымдарының өзара ба­йланыстарын жақсарту бағыт­та­рында әңгіме қозғаса, Беларусь олимпиадалық академиясының ат­қарушы директоры В.Новныко олим­пиадалық білім берудің маңыздылығы туралы айтты. А.Құлназаров келе жатқан 2011 жылы Астана мен Алматы қа­ла­ларында өтетін 7-ші қысқы Азия ойындары туралы, оған дайындық барысы жайында сөз етті. Халықаралық басқосуда сал­та­натты марапаттау рәсімі өтті. В.Таймазов А. Құлназаровты ар­на­йы орденмен марапаттады. Ал жыл­дың ең үздік спортшылары болып мыналар танылды: Светлана Подобедова (ауыр ат­летика), Максим Раков (дзюдо), Вла­­димир Седов (ауыр атлетика), Зуль­фия Жын Шан Ло (ауыр атлетика). Ал, спорт журналистикасы но­ми­нациясы бойынша төмен­дегілер үздік деп аталды: Телжан Күдеров (“Қазақстан” телеарнасы ), Гүлстан Қанат (“Спорт айдыны” газеті ), Алек­сандр Трофимов (“КТК” теле­арнасы). Жандос МЕДИМАНОВ.