Синхронды жүзуден Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің соңғы айналымы наурыздан мамырға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық су спорты түрлері федерациясы хабарлады деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
4-7 наурыз аралығында Токиода өтеді деп жоспарланған доданың мамырға ауыстырылуына Жапонияда төтенше жағдай режимінің енгізілуі себеп болып отыр.
Сол себепті, ұйымдастырушылар турнирді 1-4 мамырға шегерді.
Айта кетелік, Жапониядағы төтенше жағдай режимі 7 ақпанға дейін жалғаспық. Егер елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлай түссе, төтенше жағдай режимі тағы бір айға созылуы мүмкін.
Синхронды жүзуден Қазақстан командасында бір жолдама бар. Токио Олимпиадасына Екатерина және Александра Немичтер сынға түседі.