• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қаңтар, 2021

Асылайым Түркияда ән салады

318 рет
көрсетілді

Тауда Алматы қаласында ұйымдастырылған «Мен де жұлдыз боламын!» атты республикалық байқауда бақ сынаған қарағандылық жас әнші Асылайым Болат­қызы жүлделі екінші орын алып, Түркияда өтетін халықаралық конкурстың жолдамасына ие болады.

Қарағандыдағы кеншілер мәдениет сарайы жанындағы «Шабыт» эстрадалық вокал үйір­месінің мүшесі Асылайым үшін бұл алғашқы жетістік емес. Өнерлі балдырған бұған дейін де республикалық және халық­аралық конкурстарға қатысып, бірнеше мәрте лауреат атанған.

Алматыда өткен байқауда қарағандылық әнші қыз Шөміш­бай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әнін орындап, қа­зылар ал­қасының ықыласына бөленді.

Асылайым кеншілер астана­сындағы №77 орта мектептің 6-сыныбында оқиды. «Шабыт» эстрадалық вокал үйірмесіне екі жылдан бері қатысып жүр.

Сонымен бірге, Асылайым Болатқызының ұстазы, аталған үйірменің жетекшісі Ерболат Ма­ханбет аталған конкурстың жабылу салтанатында қазақ өне­рінің дамуына үлес қосқаны және үздік шәкірт даярлағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Ал Түркияда өтетін халық­аралық байқау туралы айта кетсек, ол конкурс маусым айында ұйымдастырылуы мүмкін. «Байқаудың нақты мерзімі және оның талаптары туралы ұйым­дастырушылар жақын арада өздері хабарлауы тиіс», дейді Ерболат Маханбет.

 

ҚАРАҒАНДЫ