• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1184

201 рет
көрсетілді

2013 жылғы 8 қараша                                       Астана, Үкімет Үйі

«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №127 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»

 

2013 жылғы 8 қараша                                       Астана, Үкімет Үйі

«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №127 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №20, 238-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасында:

мынадай мазмұндағы 4-1, 19-1, 19-2-тармақтармен толықтырылсын:

«4-1. Комиссия өз қызметін мемлекеттік орган шешімінің негізінде тоқтатады.

19-1. Мемлекеттік орган аттестаттамаған ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталмағаны туралы шешімге шағым беруге құқылы.

19-2. Аттестатталған және аттестатталмаған ұйымдар туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;

«Қорытынды ережелер» деген 3-бөлім алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі           С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар