• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 31 Қаңтар, 2021

Қазақстандық конькиші әлем кубогі кезеңінде екінші орын алды

171 рет
көрсетілді

Қазақстандық конькиші Демьян Гаврилов әлем кубогі кезеңінде екінші болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Херенванда (Нидерланд) конькимен жүгіру спорты бойынша әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін ерлер арасында 1500 м қашықтық бойынша бәсеке өтті.

Қазақстандық спортшылар арасында Демьян Гаврилов тиісті қашықтықты 1:47:170 уақытта бағындырып, кіші күмісті иеленді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Морозов 11-орын алды.