• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанға вакцинаның 1300 дозасы жеткізілді

220 рет
көрсетілді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 ақпаннан бастап Қазақстанда «Спутник V» коронавирусына қарсы ресейлік препаратпен ерікті түрде вакциналау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде алғашқы екпені ШҚО ССК өкілі Қанат Тұрдиев пен «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Ермек Омарбеков, Семейде ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы және «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Арқат Дайырбеков алды.

«Пандемия біздің өмір салтымызды айтарлықтай өзгертті. Ол бәрімізді өзгертті. Бірақ егер біз үйреншікті өмір салтымызға оралып, кинотеатрлар мен театрларға барғымыз келсе, ең басты 2 шартты, атап айтқанда, вакцина алуымыз және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің барлық нұсқауларын орындауымыз қажет. Сонда біз қалыпты өмірге орала аламыз. Біз біргеміз! Біз бұл пандемияны бірге жеңеміз деп есептеймін», деді Ермек Омарбеков.

Бүгінде ШҚО-ға 1300 доза вакцина жеткізілді (650 Өскемен қаласында, 650 Семей қаласында). Алғашқы вакцинаны Өскемен және Семей қалаларының емханалары алады.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша ақпан айының басында вакциналарды тасымалдау және сақтау үшін медициналық ұйымдарға 16 биомедициналық мұздатқыш пен көп рет қолданылатын термотіркегіштері бар 60 термоконтейнер қосымша сатып алынады.

Вакцина салуға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Олар алар алдында дәрігердің міндетті тексерісінен өтеді. Мониторинг және әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін жұмыс комиссиясы құрылды.