• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Ақпан, 2021

Бас санитар вакцина алғаннан кейінгі халін айтып берді

128 рет
көрсетілді

Еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов бүгін вакцина салдырды және егуден кейін қандай халде екенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Вице-министрлерге ресейлік Sputnik V вакцинасы егілген болатын.

Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында: «Ешқандай қолайсыздық сезіп тұрған жоқпын. Ең алдымен вакцина алатын адамды дәрігер тексереді, анамнез алынады. Дене қызуы, қан қысымы, жұтқыншақ тексеріледі. Содан кейін дәрігер ол адамға вакцина салуға рұқсат береді. Пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Егер ол барлық процедуралармен келіссе, 21 күннен кейін вакцинаның екінші кезеңіне де келуі керек», деп айтып өтті.

Бас санитардың айтуынша, вакцинаның барлық кезеңінде жауапкершілік емдеу мекемелеріне жүктеледі.

«Барлық жауапкершілік ортақ болады. Әрине, денсаулық сақтау министрлігі әр жағдайды дербес қарастырады. Әрбір өңірлік денсаулық сақтау басқармасының жанынан айрықша реакция секілді жағдайларды тергейтін арнайы комиссиялар құрылады», деп түсіндірді Бас санитар.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады.