Бұрнағы күні Астанада Ресей Ғылым академиясы Экономикалық стратегиялар институты халықаралық сарапшылар тобының «К новым высотам» атты ұжымдық монографиясының тұсаукесері өткені белгілі. Онда шараға қатысқан халықаралық сарапшылар тобының өкілдері ресейлік Александр Агеев пен ұлыбританиялық Робин Мэтьюз монографияны жарыққа шығаруға негіз болған қағидаттар жөнінде айтып берген болатын.
Әлемдегі 100 ел Интегралды қуатының жаһандық рейтингін қалыптастырған сарапшылар Астанада біздің еліміз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына 2025 жылы-ақ сенімді түрде жететіндей мүмкіндікке ие екенін атап көрсеткен еді.
Ал арнайы бетте басқа да әлемге белгілі саясаткерлер мен сарапшылардың «Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты айтқан тұжырымды ойлары жарияланып отыр.
...Таяудағы 15-20 жыл бойы жаһандық трендтердің ықпалы Қазақстан үшін оңтайлы болады. Және бұл бізге дәл осы 15-20 жылда барынша үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін қысқа мерзімдік «мүмкіндіктер терезесін» ашады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті.
Бұрнағы күні Астанада Ресей Ғылым академиясы Экономикалық стратегиялар институты халықаралық сарапшылар тобының «К новым высотам» атты ұжымдық монографиясының тұсаукесері өткені белгілі. Онда шараға қатысқан халықаралық сарапшылар тобының өкілдері ресейлік Александр Агеев пен ұлыбританиялық Робин Мэтьюз монографияны жарыққа шығаруға негіз болған қағидаттар жөнінде айтып берген болатын.
Әлемдегі 100 ел Интегралды қуатының жаһандық рейтингін қалыптастырған сарапшылар Астанада біздің еліміз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына 2025 жылы-ақ сенімді түрде жететіндей мүмкіндікке ие екенін атап көрсеткен еді.
Ал арнайы бетте басқа да әлемге белгілі саясаткерлер мен сарапшылардың «Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты айтқан тұжырымды ойлары жарияланып отыр.
Сарапшы сөзі
КӨРЕГЕНДІК ДЕП АЙТУҒА ЛАЙЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
Қазақстан Еуропа Одағы үшін өңірде сауда-саттығы мен инвестициялары есебінен ғана аса маңызды әріптес болып табылмайды. Маңыздырағы сол, тұрақты ел ретінде үлкен беделге ие... Қазақстан әлемдегі аса ірі мұнай өндіруші елдің бірі бола отырып, таза энергияға және ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген болашақ дамудың стратегиясын қабылдаса, бұл тек құптауға ғана лайық нәрсе емес. Бұл көрегендік деп айтуға лайық ұтқырлық... Астананың «Болашақтың энергиясы» тақырыбында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін қабылдайтыны Еуропамен ынтымақтастық үшін бұрынғыдан да үлкен мүмкіндіктер береді.
Жозе Мануэль БАРРОЗУ,
Еуропа комиссиясының президенті.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҰТЫМДЫЛЫҒЫ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның соңғы екі онжылдықтағы көптеген жетістіктерін ой сарабынан өткізе келіп, оның әлеуметтік-экономикалық және дипломатиялық салалардағы көкейкесті мәселелерін ешқандай қысылмастан ашық жария етті.
Өзінің Жолдауында Қазақстан Президенті алда тұрған міндеттерді белгілеп берді. Онда өңірлік экономикалық интеграцияға, жергілікті демократияны күшейту мен ядролық қару-жарақты таратпау саласында күн тәртібін құруға ықпал ету мәселелеріне баса назар аударылған.
Әсіресе, ұлттық экономиканы шикізат экспортынан тәуелсіз тұрғыда әртараптандыру мақсатындағы экономикалық күн тәртібі өте жақсы ойластырылған. Өйткені, бұл жайт Қазақстанды нанотехнологиялар мен биотехнологиялар сияқты жетекші секторларда жетекші орындарға шығара алады. Және де шетел капиталы мен технологияларын тарта отырып, шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруына жол ашады.
Ричард ВАЙЦ,
Хадсон институты жанындағы Әскери-саяси
талдау орталығының директоры (АҚШ).
БАСҚА ЕЛДЕР ҮШІН ЖАҚСЫ ЖОЛБАСШЫ
Бәрінен маңыздысы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы дер кезінде жарияланып отыр және Қазақстанды қазіргіден де қуатты мемлекетке айналдыруда басты рөл атқаратын болады. Орнықты дамытуды жалғастыру – аса маңызды бағыт, ал этностық, мәдени және діни көпқырлылықты дамытуға ерекше мән берілуі – елдегі тұрақтылыққа оң ықпал ететін және халықаралық қоғамдастыққа үлгі ретінде ұсынуға болатын шешуші шарт.
Инфрақұрылымдарды дамыту мен индустрияны әртараптандыруға жоғары назар аударудың да маңызы зор. Өйткені, бұл биліктің барлық тармақтарынан үйлесімді және келісімді іс-қимылды талап етеді.
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі мен ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанның әлемдік даму мен жаһандық қауіпсіздікке айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндігі мол екенін танығанын көрсетеді.
Азық-түлік қауіпсіздігі, су тапшылығы мен энергетикалық қауіпсіздік секілді «жаһандық сын-қатерлерді» біріздендіру және аталған проблемаларды шешудің түрлі жолдарын ұсыну өмірлік маңызы зор мәселе әрі басқа елдер үшін жақсы жолбасшы ретінде қызмет көрсете алады.
Ким МУН-СУ,
мемлекеттік және саяси қайраткер
(Корея Республикасы).
НАЗАРБАЕВ БАСТАМАСЫН ТОЛЫҚТАЙ ҚОЛДАЙМЫН
Мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы күрес бойынша G-Global бастамасын толықтай қолдаймын. G20 және G8 шешімдер қабылдау мен сараптамалар жүргізуде әлсіздік танытты. Оларда тиімді ұсыныстар дайындау мен міндеттерді шешу жолдарын іздестіруде тетіктердің жеткіліксіздігі көзге ұрып тұрды.
Мемлекеттердің 90%-ы осы форумдарда дауыс беру құқына ие. Нәтижесінде түрлі шешімдерден ауытқушылықтар байқалып, екіжақты жанжалдар туындайды, мұндай проблемаларда жаһандық теңсіздік, бағыт алмастыру саясатында және протекционизмде біржақты қадамдар пайда болады.
Қазақстан – серпінді дамушы мемлекет және Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық валюта жүйесін реформалауға оң ықпал етуде. Жаңа рыноктар өкілі болып табылатын ел үшін бұл – аталған үдерістерге қосылудың тамаша тәсілі. Сонда ғана сіз жай ғана қатысушы ел емес, реформатор елге айналасыз.
Роберт МАНДЕЛЛ,
Экономика жөніндегі Нобель
сыйлығының лауреаты (Канада).
ТАБЫСТЫЛЫҚ – ӘРІПТЕСТІККЕ ЖОЛ АШАТЫН ШАРТ
Қазақстан – болашағы зор «жаңа» әлемдік державалар деп аталатын топқа берік енген посткеңестік мемлекеттердің аса табысты мысалдарының бірі. Қазақстан – бүкіл әлемге ашық мемлекет. Технологиялық дамуға, жаңғыртуға, инновацияларға басымдық беруі АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, әрине, Еуропа елдері мен басқа да ірі мемлекеттердің стратегиялары желісімен толықтай сәйкеседі. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан инвестициялар үшін үлкен перспективалы мүмкіндіктер ұсына алады.
Қазақстан ұсынатын осы прагматикалық экономикалық үнқатысу қазіргі кезде, яғни Батыс дағдарысты басынан өткеріп отырған шақта аса маңызды. Әлемге ашық Қазақстанның тағы бір маңызды сәті – елді көптілді ету мақсаты. Бұл жерде қазақ тілі ұлттық тіл міндетін атқарса, орыс тілі Қазақстанның Ресеймен тарихи байланысын көрсетеді, ал ағылшын тілі жаһандық қатынас тілі ретінде үлкен маңызға ие. Осылайша 140 этностық тобы, 17 конфессиясы бар Қазақстан бүкіл әлеммен сұхбат жүргізуге қабілетті.
Өсімнің тамаша көрсеткіштері Қазақстанға Еуропаның аса жетекші стратегиялық әріптесі болуға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды сәт – бұл Қазақстанның, соның ішінде Кеден одағы мен Еуразиялық одақты дамыта отырып рөлін кеңейту және БСҰ-ға қосылғаннан кейін халықаралық рыноктарға шығуы.
Тиберио ГРАЦИАНИ,
Геосаясат жоғары мектебі
институтының президенті (Италия).