• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2021

Атырауда облыс әкімінің орынбасары вакцина салдырды

1067 рет
көрсетілді

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова алғашқылардың қатарында коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұған дейін «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізіпті. Вакцина салдыру үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 24 мекемеде арнайы орындар жасақталыпты. Оның ішінде 15-і мемлекеттік, қалғандары – жекеменшік медициналық мекемелер. Вакцина салатын 16 пункт қалада орналасса, Мақат ауданында 2, басқа аудандарда бір пунктен ашылған.

Бүгін Атырау қаласындағы №3 емханада «Спутник V» вакцинасын облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов, облыстық онкологиялық диспансердің директоры Эльмира Сапарова, облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиев салдырды.

«Дәрігерлер вакцина алмас бұрын дене қызуымды өлшеді. Екпе салу кабинетінен шыққаннан кейін дәрігердің бақылауында болдым. Қазір жағдайым қалыпты. Енді 21 күннен кейін вакцинаның екінші бөлігін аламын», деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.