Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы жаппай ерікті вакциналау барысында алғашқылардың бірі болып өңір басшысы Жеңіс Қасымбек, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин, облыстың штаттан тыс бас нейрохирургі Ғабит Махамбаев және блогер Денис Денски егілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облысқа жеткізілген ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1 750 дозасы Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларына таратылды. Аталған медициналық препарат 99 тоңазытқышта сақаталады. Бұған қоса, 115 термоконтейнер және екі авторефрижератор қарастырылған.
Еске салсақ, бірінші кезеңде Қарағанды облысы бойынша инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, жан сақтау бөлімшелерінің, АМСК ұйымдарының, қабылдау бөлмелерінің және санэпидқызметтің тоғыз мың медицина қызметкерін егу жоспарланған.