• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Ақпан, 2021

ЕЭК қаржы-экономикалық егемендікті қамтамасыз етуге басымдық береді

596 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат министрі Тимур Жақсылықов  бүгін Федерация кеңесінде өткен дөңгелек үстелде Еуразиялық экономикалық одақтағы қаржы-экономикалық егемендікті қамтамасыз ету және ақша айналымы жүйесін қорғау туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрінің айтуынша, коронавирустық пандемияға байланысты жаһандық дағдарыс жағдайында аймақтық интеграция мемлекеттердің тұрақты дамуына ықпал ететін нақты факторға айналып жатыр. Ол Одақ мемлекеттерінің интеграциялық өзара іс-қимылының басым бағыттарының бірі –  ортақ қаржы нарығын қалыптастыру екенін атап өтті.

Оның құрылысы бизнес пен тұрғындар үшін қаржы өнімдері мен ресурстарына кең қол жетімділікке жағдай жасайды, өзара кірудегі шектеуші кедергілерді жояды, қаржылық қызметтер нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді, қаржылық реттеушілердің өзара әрекеттесуін жақсартады және инвесторлар мен тұтынушылар үшін тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.  

– Жалпы қаржы нарығын қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі –  ЕАЭО үшін ортақ валюта кеңістігін құру», –  деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі.

«Бұл ЕАЭО мемлекеттерінің өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастығын едәуір кеңейтеді, эмитенттердің трансшекаралық белсенділігін, халық үшін инвестициялық және жинақтау мүмкіндіктерін арттырады және Одақ мемлекеттерінің қаржы нарықтарын дамытудың катализаторы ретінде қызмет етеді», деп атап өтті ЕЭК министрі. 

Тимур Жақсылықов жалпы биржалық кеңістікті қалыптастыруды белсендіру мақсатында ЕАЭО бір мемлекетінің брокерлері мен дилерлерін басқа мемлекеттердің биржаларында ұйымдастырылған сауда-саттыққа қатысуға жіберу туралы Келісімнің жобасы әзірленгендігін еске салды.

– Келісім ұлттық биржаларға Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген брокерлер мен дилерлердің лицензияларын тану және оларға бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарын сату– сатып алу туралы келісімшарттар жасасу үшін сауда-саттыққа тікелей қатысу мүмкіндігін беру құқығын береді, –  деді ЕЭК министрі.

Сонымен қатар, бағалы қағаздар шығарылымын өзара тану және оларды биржаларға жіберу процедураларын үйлестіру мақсатында ЕАЭО ЕАЭО мемлекеттерінде ұйымдастырылған сауда– саттықта бағалы қағаздарды орналастыру мен айналысқа өзара жіберу туралы Келісімнің жобасын әзірледі.

– Құжат бағалы қағаздарды жоғары санаттағы котировкалар тізімінен басқа елдерде ұйымдастырылған сауда-саттықта орналастыру мен айналысқа жіберуге, сондай– ақ эмиссиялар еркіндігін және бағалы қағаздармен жалпы биржалық кеңістіктегі сауда операцияларын қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Тимур  Жақсылықов. 

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және әлеуетті қарыз алушының несиелік тәуекелін бағалау үшін несиелік тарихқа енгізілген ақпаратпен алмасу тәртібі туралы Келісімнің жобасы әзірленді.

– Оны жүзеге асыру Одақ мемлекеттерінің резиденттері үшін басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан банктерге несиелік ресурстарға жүгінген кезде тең жағдайлар жасайды және ЕАЭО шеңберінде трансшекаралық несиелендіруді дамытуға ықпал етеді, – деп атап өтті ЕЭК Экономика министрі.