• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2021

Арнайы операция кезінде ірі мөлшердегі есірткі мен қару тәркіленді

107 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда полицейлер арнайы операция өткізді. Нәтижесінде тұрақты түрде елордаға есірткі заттарын жеткізіп тұрған «арна» жойылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі 29 қаңтарда есірткі өткізу кезінде Жамбыл облысының 37 жастағы тумасы ұсталғанын хабарлады. Арнайы операция барысында одан аң аулайтын АКСУ автоматы мен елуге жуық патрон тәркіленді. Іс бойынша сараптама тағайындалды.

«Ұсталған азаматтың үйін, автокөлігін тінту барысында үш полиэтилен пакет пен "марихуана" салынған бес оралған түйіншек, 7 440 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді. Алынған есірткі заттарының жалпы салмағы үш келі. Одан тұтыну үшін 300-ден аса «марихуана» дозасын алуға болады. Бағасы «қара нарықта» ақшалай баламада алты миллион теңге», делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі "Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" және ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі "Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.