8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинақтарын алды. Бұл туралы «Отбасы банк» мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz
«Достар, алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері - 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы қуана хабарлаймыз! Отбасы Банк - біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударылатынын естеріңізге саламыз.⠀Ақша түскеннен кейін - жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.
enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады», делінген хабарламада.⠀