Арқадан арқырай басталған ақ түтек боран бұрнағы күннен бері еліміздің көптеген өңірлерін өз қыспағына алып, қыбырлаған қимылдың адымына тұсау салып тастады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінде алты аймақта күре жолдар жабылған.

Екі күннен бері Астанадан шығатын барлық бағытта көлік қатынасы тоқтап тұр. Мектептерде де сабақтар тоқтатылып, оқушылармен қатар, колледждің 1 және 2-курс студенттері де оқудан босатылды. Түнде ауаның температурасы -20°С-ге дейін төмендеп, ұйтқыған желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен. Осы алапат ақ боранда құрбандыққа ұшырап жатқандар да бар. Қостанай облысында қатты үсіп қалған 53 жастағы ер адам қайтыс болды.
Еліміздің өзге өңірлерінде мұндай жағдайлар орын алған жоқ. Бірақ боранның қыспағынан босатылып жатқандар бар. Жақында сондай оқиға Павлодар облысында орын алса, кеше Қызылорда облысы әкімшілік полициясының қызметкерлері жол бойында тұрып қалған автобустан 51 адамды құтқарып қалды. Әзірге боранның басылар түрі көрінбейді.
Руслан ИГІЛІК.