Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельдің Германия Федералдық канцлері лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Германия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты өзара қарым-қатынастардың жаңа бастамалар арқасында одан әрі белсенді дами беретініне сенімін білдірген.
«Елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.
Соңында Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлеріне зор денсаулық, ал герман халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.