• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2021

Премьер-Министр Түркі кеңесінің басшысымен кездесті

601 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Премьер-Министр Асқар Мамин мен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) басшысымен кездесті. Бұл туралы Бағдат Әміреев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz 

«Кездесу барысында Асқар Маминді қаңтар айында өткен парламент сайлауынан кейін құрылған Қазақстанның жаңа үкіметтінің жұмысын бастағанымен құттықтадым, Қазақстанның және бүкіл Түркі әлемінің даму мүддесі жолындағы қызметіне сәттілік тіледі»,дейді Бағдат Әміреев.

Сонымен қатар Түркі кеңесінің басшысы Үкімет басшысына кеңестің жұмысына жасап жүрген екпінді қолдауы мен қазақстандық мемлекеттік-атқарушы мекемелерінің ұйымның күн тәртібіндегі мәселелерінің барлығына дерлік тиімді шешім табуына ықпал етіп жүргеніне алғысын жеткізді.

Осы орайда Премьер-Министр Түркі Кеңесінің қызметіне оң бағасын беріп, Қазақстанның алдағы уақытта да бірігіп жұмыс істеуге, ұйым шеңберіндегі ынтымықтастыққа толық қолдау беруге дайын екенін білдірді.

«Асқар Маминмен бірге түркі әлеміндегі болып жатқан саяси, экономикалық және қоғамдық оқиғалар төңірегінде және Түркі Кеңесі аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері туралы пікір алмастық. Сонымен қатар біз жақында Түркістан қаласында өтетін Түркі кеңесі мемлекет басшыларының саммитіне дайындық барысын, бұл жоғары деңгейдегі жиынның күн тәртібі және де осы маңызды оқиғаға байланысты бірқатар мәселелер ді талқылады», дейді Түркі кеңесінің басшысы.