• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

Бақылаудың жоқтығы – жемқорлықтың басы

225 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Мем­лекет­тік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестері жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға трансферттер түрінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану бойынша мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік қызмет жүйе­сіндегі жемқорлық құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу, жалпы алғанда, азаматтық қоғамның билік органдарына деген сенімін арттыру көп жағдайда тәртіптік кеңестердің жұмыс сапасына байланысты болатыны атап өтілді.

Сонымен бірге, комиссия жергілікті атқарушы органдарға трансферттер түрінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігі мәселелерін қарады.

Мақсатты трансферттер­ көлемін сапасыз жоспарлау,­ бюджеттік бағдарламалар әкім­шілері тарапынан тиісті бақы­лау­дың жоқтығы анықталған бұзушылықтардың негізгі себебі болып табылады.

Отырыс барысында Мем­ле­кеттік қызмет істе­рі агент­ті­­гінің төрағасы Ә.Бай­ме­нов­тің, Премьер-Министр­дің орынбасары – Қаржы ми­нистрі Б.Сұлтановтың, Эко­но­­микалық қылмысқа және сы­­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес агенттігінің төрағасы Р.Тү­сіпбековтің, сондай-ақ, Рес­пуб­ликалық бюджеттің ат­қа­рылуын бақылау жөніндегі есеп ко­митеті мен Бас прокуратура өкілдерінің есептері тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар