• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Ақпан, 2021

Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

131 рет
көрсетілді

Наурыз айының 8-14 аралығында Алматыда фристайл-могул мен фрис­тайл акробатикадан кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметі бойынша, 13-14 наурыз күндері Алматыда FIS Әлем кубогының финалдық кезеңі өтуі керек болған. Сол жарысқа қосымша ретінде Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Қазақстанның Ұлттық шаңғы қауымдастығына фристайлдың могул және акробатика санаты бойынша әлем чемпионатын (8-11 наурыз 2021 жыл) Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында қабылдау туралы ұсыныс хат жолдаған.

Айта кетейік, бұған дейін «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты екі рет FIS Әлем кубогын өткізіп, біраз тәжірибе жинақтаған.