• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Ақпан, 2021

Семейдің Полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

614 рет
көрсетілді

Семей қалалық Полиция басқармасының жеке құрамына жаңа бастшы реінде Шалқар Құнанбаев таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындалған жаңа басшыны ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев ресми түрде таныстырды.

Шалқар Құнанбаев 1971 жылы Семей облысының Аягөз ауданындағы Тарбағатай ауылында туған.

Құқық қорғау органдарында 1992-ші жылдан бері қызмет етіп келеді.

Әр жылдары Жезкент, Шар полиция бөлімдерінде басшы болған. Аягөз қаласы, Көкпекті, Бесқарағай және Зырьян аудандарында ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2018 жылдың қарашасынан бері Алтай аудандық полиция бөліміне басшылық еткен.