• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Ақпан, 2021

Біріккен Араб Әмірліктері мигранттарға азаматтық береді

744 рет
көрсетілді

БАӘ билігі тиісті заңға шетелдіктердің кейбір категорияларына ел азаматтығын алуға мүмкіндік беретін түзетулер қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ел азаматтығын инвесторлар, өнертапқыштар, дәрігерлер, ғалымдар және суретшілер, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелері ала алады. Әрбір категория үшін өз ережелері бар, өтініштерін жергілікті атқарушы билік басқармалары, сондай-ақ үкімет қарастырады.

Инвесторлар азаматтық алу үшін БАӘ аумағында жылжымайтын мүлік немесе елдің экономика министрлігі мақұлдаған патент иесі болуы шарт. Дәрігерлер мен инженерлер мемлекет қажет ететін бірегей ғылыми салаларда жұмыс істеуі, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі 10 жылдан кем болмауы тиіс. Бұл мәселе сонымен қатар белсенді ғылыми қызметпен айналысып, беделді наградалары болуы тиіс ғалымдарға да қатысты.

«Жаңа қаулы біздің дамуымызға септігін тигізетін талантты адамдарды тартуға бағытталды», деді БАӘ премьер-министрі, шейх Мохаммед ибн Рәшид Әл Мақтум.