• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

Қытай Қазақстанның макароны мен майын сатып алуға әзір

340 рет
көрсетілді

Жуырда ғана «KAZNEX INVEST» экспорт және ин­вести­циялар ұлттық агент­тігі іргеміз­де отырған Қы­тай Халық Рес­пуб­лика­сы­­ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы им­порт­тауға аса үлкен мүдделі­лік танытып отырған тауар­лар тізімінде қазақстандық өнімдердің бұрын­ғыдай көш бастап тұрғандығын мәлімдеді.

Жуырда ғана «KAZNEX INVEST» экспорт және ин­вести­циялар ұлттық агент­тігі іргеміз­де отырған Қы­тай Халық Рес­пуб­лика­сы­­ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы им­порт­тауға аса үлкен мүдделі­лік танытып отырған тауар­лар тізімінде қазақстандық өнімдердің бұрын­ғыдай көш бастап тұрғандығын мәлімдеді.

Мұны жергілікті кәсіп­орын­дарға серіктестер іздес­тіру үшін «KAZ­NEX INVEST» агенттігі ұйымдас­тырған қытайлық бизнес­мендердің Алматыға жасаған сапары растап берді. ШҰАА-дан келген көтерме-сауда компания­лары мен трейдерлері Алматының азық-түлік, металл өнімдерін, жанар-жағармай шығаратын 11 кәсіпорнын аралап көрді.

Компаниялармен келіс­сөз­дерден кейін қытай­лық тарап сатып алатын тауарлары туралы шешімге келген. Бұлар – «Маслодел» шығарған өсімдік майы, «Sun Beе» ЖШС өндірген бал, «Korona Export» және «Sultan» компаниялары шығарған макарондар, сондай-ақ, «Asem Ai» минералды суы. Сатып алушылар өнімнің сапасын да, қаптамасы мен дизайнын да жоғары бағалады. Бүгінгі күні өндірушілердің әрқай­сы­сымен, ең алдымен, тауарларды ҚХР-ға кіргізу және ресімдеуді реттеу рәсімдері бойынша егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізілуде.

Атап өтетін жағдай, Қы­тайда, әсіресе, өсімдік майына деген сұраныс өте жоғары. Жыл сайын осы өнімнің отандық өндірушілері «KAZNEX INVEST» агент­тігінің ҚХР ШҰАА жасаған сауда миссиясына қатысады және әрбір ретте бұл өнім әлеуетті қытайлық са­тып алушылардың үл­кен қызығу­шылығын туғызады. Осы айда Үрім­жіде өткен сауда миссиясында «Маслодел» және «Шымкентмай» ком­пания­лары өсімдік майын таныс­тырды. Екі өндіруші де қазіргі кезде жеткізулер туралы келіссөздерді жалғастыруда.

Сонымен қатар, Қазақ­с­тан­да өндірілген майлы дақылдар, макарондар, кондитерлік тағамдар, жүн және емдік шөптер сатып алушылардың қызығушылығын тудырды.

2009 жылдан бастап «KAZNEX INVEST» агенттігі Қытайға жыл сайын сауда миссияларын өткізуде. 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде Бейжіңде, Ининде және Үрімжіде өткен сауда миссияларында 60-тан астам қазақстандық өндірушілер қатысқанын айта кетуге болады. Сауда миссиялары нәтижесінде жасалған Қазақстанда өндірілген өнімді Қытайға жеткізу бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 35 миллион АҚШ долларынан асты. Үрімжіге жасалған сауда миссиялары ШҰАА Халықара­лық саудаға ықпалдастық бойынша комитетімен серіктестікте өткізіледі.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар