• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 02 Ақпан, 2021

Экология министрі су тапшылығы болатынын айтты

772 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өткен жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ, алдағы уақыттағы жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына биылғы өсімдік өсетін кезеңді сумен қамтамасыз ету мәселелері жайында айтты. Министрдің айтуынша, биыл қардың аз түсуіне байланысты елімізде су тапшылығы болуы мүмкін. Бұл ретте Президент су арналарын цифрландыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жыл ішінде бүкіл республика бойынша 119 арнаны цифрландыру қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны жайында айтылды. Мағзұм Мырзағалиевтің пікірінше, 10 жыл ішінде балық өндірісін 9 мыңнан 270 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар Президентке геологиялық барлау, экологиялық туризм және ұлттық парктердің жай-күйі туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министріне бірқатар нақты тапсырма берді.