• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты – Сұлтанәлі Балғабаев

286 рет
көрсетілді

Жақында Қазақ ПЕН-клубының жалпы жиналысы өткені белгілі. Жина­лыс­та әдебиетіміздің клас­сигі, осы қоғамдық бір­лес­тікті жиырма жылға жуық уақыт басқарған Әбдіжәміл Нұрпейісов атқа­­рыл­ған жұмыс жөнінде есеп беріп, ПЕН-клубқа басшылық тізгінін тапсырмақ ойын айтты. Жалпы жиналыс ПЕН-клуб президенттігіне мені сайлады. «Егемен Қазақстан» газетіне осы жаңалықты 200 мыңдық оқырман қауымға жеткіз­гені үшін разылық сезімімді білдіре отырып, жаңа лауа­зы­мыма орай құт­тық­та­ған адамдардың, маған тілектестердің бәріне алғы­сымды айтамын.

Сонымен бірге, жабық пішімде өткен жалпы жина­лыстың шешімі жөнін­де редакцияға жазбаша мә­лімет дайындау кезінде жаң­сақтық жіберілгенін де айтуыма тура келіп тұр. Қа­зақ ПЕН-клубының сый­лығы, газетке қате мәлімет жіберілгеніндей, проза­шы Қажығали Мұхан­бет­қалиевке емес, драматург Сұлтанәлі Балғабаевқа берілгенін хабарлай отырып, газет редакциясынан, қалың оқырман қауымнан ғафу өтінемін.

Бигелді ҒАБДУЛЛИН,

Қазақ ПЕН-клубының президенті.

Соңғы жаңалықтар