• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

Оңтүстікте мұнай ұрлаған 15 адам сотталды

244 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлады деп айыпталған 15 адам сотталды. Ұйымдасқан топ жарты жылда 400 тонна шикізатты қолды қылған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Қылмыстық топ мүшелері «Павлодар-Шымкент» мұнай қыбыры арқылы өтетін «қара алтынға» қол салған екен. Жалпы, осы іс бойынша айыпталғандар – 16 адам. Соның ішіндегі 5-і жергілікті жердегі асфальт-бетон зауытының еңбеккерлері. Аталған құбырды бақылайтын «Семсер-секьюрити» серіктестігі басшылары да жазаға тартылды. Сот үкімімен қылмыстық топ жетекшісі 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Тағы 1 айыпкер 5 жылға сотталса, 7 адам 5 жыл 3 айды арқалады, 6 адам 2 жылға шартты жазаға кесілді. Ал қылмысқа қатысы бар деген 1 азамат тергеу ісіне көмектескені, шығынды өтегені үшін сот залынан босатылды.

«Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деп айып тағылған 11 адам. Одан бөлек анықталмаған бірнеше тұлғалар бар. Қазір оларға іздеу жарияланды»,-дейді Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Жергілікті өңірде орын алған осы мұнай ұрлығынан «Қазтрансойл» АҚ-ға 17 млн. теңге залал келген. Қылмыстық топтың бұл әрекетін қаржы полициясының өкілдері әшкерелепті.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Фото: mk-turkey.ru

Соңғы жаңалықтар