• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Ақпан, 2021

Елордада мембағдарламамен баспана уәде еткен алаяқ сотталды

116 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік бағдарламамен баспана алып беруге уәде еткен алаяқ әйел сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«27 жастағы келіншек мемлекеттік бағдарламамен кезектен тыс тұрғын үй алып беруге уәде берген. Ол азаматтардан әртүрлі сомада қаражат алып отырған. Анықталғандай, күдікті 2015-2017 жылдар аралығында адамдардың сеніміне кіріп, ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген. Жалпы сома шамамен 300 млн теңгені құрайды», деді қалалық Полиция департаментінен.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, №2 «Сарыарқа» аудандық сотының шешімімен ҚК 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағымен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Департамент қызметкерлері аталған қылмыстық әрекеттен зардап шеккен тұлғалар бар болса Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне хабарласуларын сұрады.