• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Ақпан, 2021

Сооронбай Жээнбеков қажылық жасамақшы

206 рет
көрсетілді

Қырғыз Республикасының экс-президенті Сооронбай Жээнбеков отбасымен бірге шетелге кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы елдің ақпарат көздерінде С.Жээнбековтің Ыстанбулға бір күн бұрын «Манас» халықаралық әуежайынан ұшқаны туралы айтылған.

Бұған экс-президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева бұрынғы мемлекет басшысының қайда және неге ұшқанын айтып берді. Толгонай Стамалиеваның айтуынша, Сооронбай Жээнбеков кіші қажылық жасау үшін Меккеге ұшып кеткен.

«Ол әйелімен бірге таңертең Ыстанбұлға ұшып кетті. Содан кейін Джиддаға (Сауд арабиясы) барады», дейді бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, баспасөз хатшысы Сооронбай Жээнбеков сапарға Сауд арабиясы королінің шақыртуымен шығады. Ол сапарды 2020 жылдың қарашасынан бастап жоспарлаған. Алайда пандемияға байланысты қажылар үшін кіру шектеулі болғандықтан, рәсімге сәйкес ресми шақыру қажет болды. Сондықтан шақырту 2021 жылдың ақпан айының басында келіп түсті. Кіші қажылық 10 күннен астам уақытқа жалғасады, содан кейін Сооронбай Жээнбеков Бішкекке оралады.

Естеріңізге сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков 2020 жылдың 15 қазанында жаппай тәртіпсіздік салдарынан отставкаға кетуге мәжбүр болған еді.