• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

Қазақстан хоккейшілері - Универсиада финалында!

287 рет
көрсетілді

Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада хоккейден Қазақстан құрамасы АҚШ  командасын 5:1 етіп ұтып, финалға шықты. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Есепті 8-минутта қазақстандық Александр Шин ашты. Ол Александр Липин мен Леонид Метальниковтің пасын жақсы пайдаланды. Екінші кезеңнің дебютінде Метальников пен Шин берген шайбаны Евгений Рымарев салды. Үшінші жиырма минуттың басында Рымарев дубль жасады – 3:0. Бұдан кейін 42 секундтің ішінде екі шайба түсті. Алдымен Шон Мерфи бір шайбаның қарымтасын қайтарды. Сосын Липин есепті 4:1-ге жеткізді. Ал АҚШ қақпасына салынған бесінші голдың авторы Никита Ковалев болды. Ол негізгі уақыт бітуге 7 минут қалғанда 5:1 деген есепті бекітіп берді. Еске сала кетейік, жартылай финалдық келесі жұпта Канада мен Ресей студенттері беттесіп, «үйеңкі жапырақты елдің» жігіттері 2:1 есебімен басым түсті. Енді бүгін, 21 желтоқсан күні финалда Қазақстан және Канада командалары ұшырасады. Бұл командалар 2011 жылғы Универсиаданың жартылай финалында бір-бірімен күш сынасқан екен. Сонда канадалықтан 3:1 етіп жеңіп кетіпті. Бұл жолы қалай болатынын мұз үстіндегі келесі шайқас шешеді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз:Vesti.kz. 
Соңғы жаңалықтар