• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми хабарламасы

260 рет
көрсетілді

2006 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласында Алтынбек Сәрсенбайұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның ұрланып, өлтірілуі орын алған болатын.

Ішкі істер органдары тарапынан тергеу барысында осы қылмысқа қатысты адамдар анықталды. Олар Рустам Ибрагимов және тағы 9 адам.

 

2006 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласында Алтынбек Сәрсенбайұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның ұрланып, өлтірілуі орын алған болатын.

Ішкі істер органдары тарапынан тергеу барысында осы қылмысқа қатысты адамдар анықталды. Олар Рустам Ибрагимов және тағы 9 адам.

Өз кезегінде Ибрагимов Алтынбек Сәрсенбайұлын өл­­тіруге тапсырыс беруші ретінде сол кезде Қазақстан Рес­­публикасы Парламенті Сенатының аппарат жетек­ші­­сі қызметін атқарған Ержан Өтембаевтың атын айтты.

Тергеу барысында анықталған барлық адамдар 2006 жылғы 31 тамызда Алматы облыстық со­тымен ұзақ мерзімге бас бос­тандықтарынан айыруға, ал Ибра­гимов тікелей ұйымдастырушы және орындаушы ретінде өлім жазасына кесілсе, кейіннен жазасы өмір­ бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Дей тұрғанмен, 2012 жылғы 16 сәуірде, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ибрагимов Қазақ­стан Республикасының Жоғарғы Сотына жасалған қылмыстың бұдан бұрын құқық қорғау және сот органдарына беймәлім мән-жайлар хабарланған мәлімдемемен жүгінді.

Мәлімдемесінде ол адам өлтіргенін алғаш рет мойындады және мұндай қадамға баруының мән-жайын егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ, Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге шын тапсырыс беруші Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев екенін хабарлады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тап­сырмасы бойынша қосымша алынған жауаптар­дың шынайылығы Бас прокуратура, Ұлттық қауіп­сіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі қызмет­кер­ле­рінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобымен тексерілді.

Бұл ретте, Қазақстан Респуб­ликасы Бас прокура­тура­сының өтініші бойынша тергеуге Аме­рика Құрама Штаттарының Фе­дералдық Тергеу бюросы тікелей қатысты.

Тергеу нәтижелерімен жаңа­дан ашылған мән-жайлар өз дәлелін тапты.

Мәселен, 2006 жылы Рустам Ибрагимов поли­гра­фологиялық зерттеу мен АҚШ-тың Федерал­дық Тергеу Бюросының агент­те­ріне берген сұхбатынан кейін оларға адам өлтіруге шын мәнінде тапсырыс берген Рахат Әлиев екендігін айтқаны анықталды.

Бұл ретте, Ибрагимов Әлиев пен Мұсаевтың тарапынан өзінің отбасының қауіпсіздігіне қатер төндірілуіне байланысты құқық қорғау органдарына ресми жауап беруден бас тартқан және бұл ақпаратты жарияламауды сұраған.

Қазіргі уақытта Рустам Ибра­ги­мовтің мәлімдемесін тексеру аясында АҚШ-тың Федералдық Тергеу бюросы бұл ақпаратты тиісті құжаттарды ұсына отырып, растады.

Жаңа тергеу барысында Ибра­гимов жеке бас араздығы мен жеккөрушілігіне байланысты Ержан Өтембаев шын мәнінде одан Алтынбек Сәрсенбайұлын соққыға жығуды сұрағанын көрсетті. Бұл жөнінде Рахат Әлиевке мәлім болған. Ол Әлнұр Мұсаевпен бірге жағдайды пайдаланып қалған дұрыс деп шешкен және Ержан Өтембаевтың тапсырысын жамылып, Ибрагимовке Алтынбек Сәрсенбайұлын өл­тіруді міндеттеген.

Ибрагимовтің уәждері тергеу барысында жинақталған объективті айғақтармен толықтай расталды. Әлиев пен Мұсаевтың Алтынбек Сәрсенбайұлын және оның екі серігін өлтіруге тапсырыс беруге және ұйымдастыруға қатыстылығы жөніндегі нұсқаны растайтын жаңа заттай айғақтар мен куәлердің жауаптары алынды.

2013 жылғы тамызда Рустам Ибрагимовтің және бірқатар нақты куәлердің тиісті жауаптары АҚШ-тың Федералдық Тергеу бюросынан шақырылған полиграфолог-мамандар тарапынан сенімділік тұрғысынан тексеріліп, расталды.

Жоғарыда айтылғандарға бай­ланысты 2013 жылғы 11 жел­тоқ­санда Бас прокуратура тарапынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына Алтынбек Сәр­сенбайұлын, Василий Журавлевті және Бауыржан Байбосынды өлтіру жөніндегі іс бойынша шы­ғарылған үкімді ішінара қайта қарау қажеттігі туралы қорытынды жолданды.

2013 жылғы 19 желтоқсанда Қа­зақстан Республикасының Жоғар­ғы Соты Рустам Ибрагимовтің арызын қарау нәтижесінде және жинақталған жаңа материалдарды ескере отырып, Ержан Өтембаевқа қатысты бұдан бұрын қаулы етілген үкімді ішінара бұзды.

Қылмыстың өзге қатысушы­ларына қатысты үкімді қайта қарау үшін негіз жоқ деп табылды, себебі, қол жеткізілген жаңа айғақтар олардың әрекеттерінің саралануына әсер етпейді.

Дәл осы күні, 19 желтоқсанда Жо­ғарғы Сот қылмыстық істі Алматы облысының қыл­мыс­­тық істер жөніндегі маман­дан­дырылған ауданаралық сотына қайта қарауға жіберді.

Тиісті сот шешімі қабыл­дан­ған жағдайда Рахат Әлиевке және Әлнұр Мұсаевқа қатысты ті­келей қылмыстық іс қозғалып, АҚШ-тың Федералдық Тергеу бю­росы қызметкерлерінің қаты­суы­мен олардың Алтынбек Сәрсен­бай­ұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның өлтірілуіне қатыстылығына орай алдын ала тергеу жүргізілетін болады.

Көрсетілген құқықтық про­цестердің нәтижелері туралы қо­сымша хабарланатын болады.

Соңғы жаңалықтар