• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

«Шұғылалы Шығыстан – арайлы Астанаға»

370 рет
көрсетілді

Елордада күзге салым әр облыстың күндерін өткізу дәстүрге айналған. Сол күндерде ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі, облыстың жаңа жобаларын таныстыру мен түрлі деңгейде концерттер ұйымдастырылады. Кеше Шығыс Қазақстан облысының елордадағы күндері басталды. Оның аясында Республика алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі, облыстың декоративті-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылмақ. Айтулы шараның қарсаңында Конгресс-холл сарайында астаналықтарға «Шұғылалы Шығыстан – арайлы Астанаға» деген атпен гала-концерт қойылды.

Концерт бағдарламасы жан-жақты ойластырылған екен. Оның ішінде «Бабалар үні» композициясы, фольклорлық ансамбль мен күйшілер төрттігінің орындауындағы «Күй тартыс», «Зыряночка» және «Еураз-шоу» би ұжымда­­­­ры­ның өнері, сондай-ақ, мәдениет қайрат­керлері Берік Омаров, Вячеслав Ткач, Гүлдана Ноғайбаева, Мапруза Өтегенова сынды үлкен буынның өкілдері мен Нұрлан Түтінов, Евгений Выблов, Елизавета Минуллина, Диана Мұратова секілді енді өсіп келе жатқан жастардың дәс­түрлі және эстрадалық бағыттағы ән-күйлері сахнаның сал­танатын асырып, өңір өнерінің жоғары деңгейін көрсетті. Кон­церттің режиссерлері Қазақстан Республикасының мә­де­ниет қайраткері Ғибрат Азубаев пен облыс әкімі жүл­­десінің иегері Людмила Коряковцева екенін де атап өту керек.

Конгресс-холлда өткен үлкен концертке халық молынан жиналды. Шығармашылық зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен дәрігерлер, студенттер шығысқазақстандық өнерпаздарға қол соғып қошемет көрсетті. Концертті Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед те тамашалады.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар